- Негізгі бет
- Ертегі
- Киіз үй туралы...
Киіз үй туралы ертегі
Ерте-ерте, ертеде екі егіз бақташы болыпты. Олар арба үстінде өмір сүреді, осылай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді. Ұлан байтақ даланың о шеті мен бұ шетінде жүріп, ағайындылар бір-бірін өте сирек көреді. Екеуі екі жерде өскен соң, егіздер сияқты емес, құдды бөтен адамдардай, бір-біріне ұқсамайды. Ойы да, қиялы да бөлек.
Біреуі тақия киіп жүрсе, екіншісі шашын өріп алады. Кейде екеуі анасына келіп, қара шаңырақта кездесіп қалғанда, оған армандарын айтады. Ұзын шаштысы: «Мен табыным (бір үйір қой) үлкен болғанын қалаймын. Қойым көп болса отбасым қайғы мен мұң, аштық пен жоқтық деген не екенін білмес еді. Сонда мен қартайғанда да балаларыма сыйлы болар едім. Олар маған немерелерімді ертіп келуші еді. Көзім қуаныш жасына толар еді».
– О, бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт?! – деді бауыры кекете, – Сенің бақытты екеніңді ешкім білмейді, байқамайды. Ай далада ақ отау болып, кішкене құмырсқа секілді көзге ілікпей өмір сүресің. Ал балаларың болса, тіптен өзіңнен де кішкене. Бақыт дегеніміз осындай бола ма екен?
Бұл бауыры керуен саудагерінен сатып алған, өз тәжіндей көретін тақиясын киіп алып, көкірегін керіп, өз ісімен кетті. Күндегі әдетінше, қойларын бағып, малдың соңында жүре берді. Оған табыны кейде бейшаралығына күлетін секілді көрінеді.
Көктем соңынан жаз жеткенде ол қойын отарлап, тау бөктеріне жайлауға көшті. Қарлы тау қозғалғанын көріп, жүрегі аузына тығылады, қатты қорқады. Бұл құбылыс жақын жерде болды. Сондықтан баласын қой бағуға қалдырып, өзі жалғыз аяқ жолмен мұздыққа жол тартады. Тұманды жартастың арасында оң аяғы шөпке, сол аяғы қарға тиіп, көздеген жеріне жетеді. Тауды аса таяқпен ұрып тұрған дәуді көрді. Тау қозғалу себебін сонда ғана түсінді.
– Тау алыбы, күшің көп екенін білемін. Адамдар сенің қасыңа қоныстануға жүрегі дауаламайды, қорқады. Менің де тұрағым қырда. Мен ол жерде құмырсқадай кіп-кішкентаймын. Менің бір арманым бар. Жер дүниенің бәріне көрінетіндей алып болғым келеді.
Тау алыбы тауды қозғалтуға кедергі келтірген кім болды екен деп бұрылып қарады.
– Тақияң жақсы екен. Қателесесің, менің соншалықты көп күшім қалмады. Көремісің, тіпті тауды құлата алмаймын. Бірақ саған аздаған көмек көрсете аламын.
Ол кенет аса таяғымен қойшының тақиясын басынан ұшырып түсірді де, таудан жыраққа лақтырып жіберді. Өзі қарқылдап кеп күледі. Бір кезде тау дірілдеп, ортасынан қақ жарылды.
Бақташының арқасына тастар құлап, жалғыз аяқ жолмен төмен қарай сырғи жөнелді. Содан соң қарағайлы шоқ жиегіне дамылдап, табынға қарай түседі.
Сол жерден өз тақиясын көреді, көлемі өте үлкен боп кеткен екен. Нағыз үйдің бейнесіндей үлкен. Тау алыбы менің бақташы екенімді білгендіктен күлген болды ғой деп ойлайды. Тақиясын айнала, не істерін білмей жүреді.
Аяқ астынан жаңбыр жауып кетеді. Баласы арбаға қарай жүгіреді. Ал өзі пышақты алып, тақиясын кесіп, ішіне енетін есік жасайды да, тақиясының ішіне кіреді. Іші құрғақ әрі жылы екен. Сөйтіп отбасымен бірге тақия ішінде тұра бастайды. Қойшының арманы орындалып, көршілеріне танымал болады. Уақыт өте келе үлкен үйімен бүкіл аймаққа танылады.
Көршілері де осындай жылы, жайлы үй салуға көшеді. Ата-бабамыз қоныс еткен киіз үй осылай пайда болған екен.
@. @assel_assanova