- Негізгі бет
- Ертегі
- Гүл туралы ертегі...
Гүл туралы ертегі
Баяғды мекендеген үндіс апачилердің онейда атты тайпасында гүл туралы мынадай аңыз болған екен. Жас аңшы өз тайпасындағы бір сұлу қызға ғашық болады. Алайда оған қыз жауап қатпайды.
– Аспандағы жұлдызды садақпен атып түсірсем, мендік боласың ба? – деп бір күні жігіт қыздан сұрайды,
Бұрын-соңды мұндай ұсынысты естіп көрмеген тәкаппар қыз аңшыны сынамақ болған ниетпен ұсыныс қабыл алады. Бұл жаңалық бүкіл тайпаға таралады.
Халық жігіттің бұл ұсынысына күліп, мазақтай бастайды. Намысшыл жігіт сөзінде тұратындығын айтып, күлгендері сендірмек болады.
– Кешкісін шалғындыққа келіңдер, өз көздеріңмен көресіңдер,- деп барлығын шақырады.
Сонымен кеш те түседі. Халық та шалғындыққа жинала бастайды. Қыз да қалмай келеді. Аңшы жігіт садағын аспанға бағыттап атып жібереді. Сол кезде аспаннан ағып бара жатқан бір жұлдызға аңшының садағы дәл тиеді.
Дегенмен, жігіт көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл жайтты байқап отырған Тәңір аңшының бұл қылығына қатты ашуланады. «Егер әр жігіт мына жігіт секілді сүйіктісіне сезімін дәлелдей беретін болса, аспаннан жұлдыз атып түсірсе, аспанда бірде-бір жұлдыз қалмайтын болады, әлбетте мына түрімен ай да аман қалмас» деп жерге дауыл жібереді. Дауыл үш күн, үш түн соғады. Жер беті қара түнекке айналып кетеді. Су арнасынан шығып, жер бетін шая бастайды.
Дауыл аяқталғаннан кейін тайпа халық санағын жүргізеді. Айлайда аспаннан жұлдызды атып түсірген жігітті таппайды. Аңыз бойынша, ол жігіт кішкентай гүлге айналыпты. Апачилер оған «ақиа жұлдыз» деген ат қойыпты.
Ол жұлдыз гүлі астра деп аталады. Қазақ тіліндегі баламасы – ақкекіре. «Aster» ежелгі рим тілінен аударғанда «жұлдыз» деген мағынаны білдіреді екен.
Г. Берік