Ертеде Көк Төбе тауында жауынгерлердің алып қамалы болды. Қазір одан түк те қалмады, бірақ сол кездері оны бір көрген адамның көкірегіне қорқыныш ұялайтын еді. Әсіресе жауынгерлер бұл қамалдан барлығы қорқады деп ойлады.
Күн түнеріп, ауа райы бұзылғанда да, қара бұлт арасынан қамал ағараңдап анық көрініп тұрады. Себебі ол ақ тастардан салынған. Ал күн ашылып, шуағы шашыла бастағанда, қамал артынан қаз-қатар тізілген таулар бой көрсетеді. Қамал таудың бергі жағынан кішкене болып көрінгенде қорқынышты емес. Қала тұрғындары тауға махаббатпен қарап, қамалға да зор құрмет танытатын.
Жауынгерлер бұл жерге жат, бөтен еді. Күндердің күнінде олар қамалда тау биіктігіне жететін биік мұнара тұрғызуды ойға алды. Бірақ тау құдайы көз алдында мұндай мұнара қалануына қарсы болды. Сол кезде жауынгерлер қамалды тастап, басы ауған жаққа көшіп кетеді. Олардың қайда кеткенін ешкім білмейді, артынан іздеген жан да болған емес. Соңғы рет жауынгерлерді бір қойшы қарлы таудың бөктерінде ауыр қару-жарағын асынып, бір қатармен сап түзеп кетіп бара жатқанын көрген екен...