Шөл далада жасыл сулы үлкен көл жатыр. Ол нағыз теңіз суы секілді, тым ащы. Сонда да жанынан өткен халық көл жағасына біраз аялдап өтеді. От жағып, тамақ пісіріп, көлден балық аулайды.
Күндердің күнінде көл үстінде алыс жолдан ұшып келе жатқан қоқиқазды көреді. Алқызыл түсті құс аздап шаршаған секілді. Адамдар абайлап көлдің жоғары жағына жайғасты, жағалау жақтан оларды мейірімді көз бақылап тұрды.
Қоқиқаз – ерекше әдемі құс, ал кез келген сұлу өзіне тамсанған сайын құлпыра түседі. Қыр адамдары сұлулықты бағалай білді. Әр жыл сайын қоқиқаздың ұшып келуін күтті. Ал қоқиқаздар жыл сайын өтіп бара жатып демалу үшін осы көлге аялдаушы еді.
Бірақ бір күні жағалаудан тамсанған түр де, мейірімді көз де ғайып болды. Құстар өзіне жауыздық көзқараспен қарайтын адам ғана жүргенін байқады. Ол кісі басқалар келіп қоқиқаз сұлулығын тамашалауға тиым салған, бұл ғажайыпқа жалғыз өзі ғана куә болуды қалаған.
Ал құстар бәрін жақсы сезінеді. Сол сәттен бастап олар бұл көлге қонақтауды тоқтатты. Тек шөл даланың көз жасынан құралғандай көрінетін жасыл көлге төбесінен қарап өте берді.