- Негізгі бет
- Ертегі
- Ертегі. Арал теңізі...
Ертегі. Арал теңізі қайда кетті?
Жер бетіндегі барлық теңіз бауыр болған екен. Олар бәрі бір-бірімен қол ұстасып тұрған, нақтырақ айтсақ өзендер теңіздің қолынан ұстап, теңіз мұхит әкесін құшақтап тұратын болған. Кеуіп қалған құмды мұнара секілді етіп жерді қатты қысып тұрады. Мұхит, теңіз, өзен-көлдер бір-бірімен мықты қарым-қатынас орнатады, өзара балықтарымен, сырларымен бөліседі, кемелер арқасын қыдықтағанда толқынмен күледі.
Кәрі атасы Тетис мұхиты оларды жер жүзіне бөлген кезде бәрін жақсылап ойластырды. Екі ағайынды теңіз адасып кетіп, құрғақ жерге тап болды. Сөйтіп тек мұхитпен емес, басқа теңіз ағаларымен де байланыс үзіліп қалды.
Олар осы алып құрғақшылықта өмір сүре берді. Өзендерден азықтанып, жер астындағы сулардан шөлін басты. Бірақ тек екеуі болған соң іші пысып, мұңға берілді. Бұрын ағаларымызбен қол ұстасып тұратын кезіміз қандай жақсы еді, қай жерде күн, қай жерде түн болып жатқанын білетін едік, жердің арғы бетінен хабардар болып отыратын едік дейді. Ағайынды қос теңізді тек құрлық қоршады.
Олар өзінің келешек тағдырын ойлап, бас қатырды. Каспий атты ағасы кіші інісі Аралға: «Інім, сен біздің әкеміз бен бауырларымызды іздеуге аттан. Ал мен сені осы жерде күтемін. Қайта оралған соң менің қолымнан ұста», - деді...
@. @assel_assanova