Жетістікке жету үшін адамдар өздеріне бірдеңенің жетіспей тұрғанына сенеді: біреуге мүмкіндік, біреуге ой, біреуге білім, ал біреуге батылдық дегендей. Бұл әңгіме батылы мен қайраты жоқ адамдар туралы. Бір адам кәсіпкер болғысы келіп өзінің жеке ісін бастайды. Бірақ батылсыздық пен қорқуының салдарынан қарызға батып,жұмысы тоқтап, кері кетеді: кредиттердің мерзімі таяп, қарызын талап еткен адамдар қысып, тіпті банкрот болатын жағдайға жетіп қалады. Бұл дағдарыстан түңіліп жүрген кәсіпкер тыныс алу үшін паркке келеді. Орындыққа отырып, екі қолымен басын құшып, бұл тығырықтан қалай шығуға болатынын ойлана бастайды. Сол сәтте қасына бір қарт кісі келіп: Сені бірдеңе мазалап тұрғандай, басың дертте екені жүзіңнен белгілі. Тыныштық па балам? деп сұрайды. Кәсіпкер шерін тарқатып, басындағы жағдайын біртіндеп айтып береді. Тыңдап отырған әлгі қарт кісі: Еңсеңді түсірме балам, мен саған көмектесейін деп қалтасынан чек кітапшасын алып, бір парағын жыртты да кәсіпкерге ұстатып: Мына ақшаны алып, шаруаңды реттеп ал, бір жылдан кейін осында кездесейік, сол кезде маған қарызыңды қайтарарсың дейді. Қолындағы чекке қарап, не болғанын түсінбей есеңгіреп тұрғанында әлгі қарт кісі бұрылып кетіп қалады. Чекте 500 000 доллар деп жазулы, ал төмен жағында әйгілі миллиардер Джон Рокфеллердің қол таңбасы тұр.Кәсіпкердің қуанышында шек жоқ. Сірә қиын сәтте әлемнің ең бай адамы алдынан шығып, қол ұшын созған болатын. Бір сәтте барлық қарыздарымнан құтылатын болдым деп ойлайды. Өйткені Джон Рокфеллердің бұл чегі барлық мәселелерін шешуге жарайтын. Бірақ шамалы ойланып, бұл құнды чекті бұздырудан бастартып, сейфіне салып қояды. Сейфте ауқымды сома жатқанына арқа сүйеп, жұмысына білек сыбана кіріседі. Үлкен-кіші деместен барлық шаруаларын жөнге салады. Берешек жоспарларын жаңадан қалыпқа келтіреді. Жақсы жүрген істері жаңа жұмыстарға жол ашып, бірнеше айда бүкіл шаруалары қайта ретке келеді. Осы арада бүкіл кредиттері мен қарыздарынан құтылып, табысы бұрыңғыдан да еселей түседі. Бір жыл бойы жұмысы жақсы жүріп, уәделескен күні мұрты бұзылмаған чекті қолына алып паркке келеді. Келісілген сағат таяғанында баяғы қарт кісінің өзіне жылдам қадамдармен келе жатқанын байқайды. Оған чекті қайтарып, алғысын білдіріп, соның арқасында табысқа кенелгендігін айтпақшы болып енді қолын ұзата бергенінде бір медбике жүгіріп келіп, әлгі кісіні ұстап алады да: Таптым-ау ақыры! Атамызмазаңызды алмаған болар? Бұл кісі үнемі қарттар үйінен қашып, осы паркке келеді. Адамдарға өзінің Джон Рокфеллер екенін айтып бастарын қатырады деп, әлгі кісіні қолтықтап, алып кетеді. Кәсіпкер таңқалған бойы, бір орнында ұзақ тұрып қалады. Өйткенібір жыл бойы сейфтегі бес жүз мыңғасеніп, түрлі қатерлі келісімдер мен көптеген алып-сатуларды атқарған болатын. Бірдеңе болып, қатты қажеттілік туындаса осы ақшағажүгіне салатынына сенімді еді. Сол сәтте кәсіпкер өмірдің ағысын өзгертіп, қарыздан құтылуға және жетістікке жетуге себеп болған ақша емес екенін түсінеді. Оның өмірін өзгертіп, қайта күш пен батылдық силаған жаңадан пайда болған сенімі еді. Жетістіктің сыры сейфтегі чек емес, жүрегімізбенсанамыздағы дүниелер екен. дереккөз:bilim-all.kz