- Негізгі бет
- Ертегі
- Алма туралы ертегі...
Алма туралы ертегі
Ол кезде тау бөктерінде үлкен алма бағы бар еді. Адамдар мейірімсіз, қомағай болғандықтан ондағы ағаштар жапырылып, жатаған боп қалған. Ал қазір ол жердегі алма тым биікте өседі. Оны теру үшін тек сатыға шығу керек, ал жерге түскені құрттап, сырты бүлініп, жеуге жарамсыз боп қалады.
Мен сіздерге сыр суыртпақтап, бір құпияның бетін ашайын. Бір кездері алма ағашының діңгегі аса жуан болды, сондықтан ол бір метрлік алманы, тіпті одан да үлкендерін көтере алатын жағдайы бар еді.
Жаз бойы алма пісіп жетіледі, ол кезде алма алуға баққа бару ешкімнің ойына кіріп-шықпайды. Тек жел ғана бір алманы ұшырып әкете алады, онда да жылдамдығы қарқынды желден басқаның әлі келмейді.
Тамыз айында толық піскен алма ағаштан өзі-ақ құлайды. Жер тартылыс күшімен алманы өзіне төмен тартады. Алма салмағы ауырлаған соң тарс етіп жерге құлайды да, ақырын тау етегіне домалайды. Ол уақытта алып алманың жолын ешкім бөгемейді, барлығы тау бөктерінен айналып өтеді.
Алма қатты екпінмен домалап келіп қала қақпасына ұрылғанда күзетші оны қалаға итеріп кіргізеді. Нарық алаңына әкеліп тұрғындарға қалдырады. Адамдар арнайы ұшы иілген пышақпен қарбыз көлеміндей етіп кесіп, үйіне алып кеткен. Кейде сол жерде таза ауада, ашық күн астында отырып жеген. Бірақ алманың көбісі домалап далаға түседі де, сол дала халқының еншісінде кететін болған.
@. @assel_assanova