Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда жазды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналар белгіленеді:
♦ ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
♦ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
♦ ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге;
♦ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;
♦ базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 36 018 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев халыққа Жолдауында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсетінін айтқан болатын.