Психолог қаржы пирамидасындағы адам табиғаты туралы айтып берді

Психолог қаржы пирамидасындағы адам табиғаты туралы айтып берді
Фото: envato.com

Қай заманда да адам баласы оңай жолмен пайда табуды көздеді, мұнда менталдығын, қаржы сауатының барлық түрінің әлемдік дағдарысын және оның қажеттілігін айта беруге болады, бірақ мәселе барын мойындауымыз керек. Онлайнға өткен алаяқтар адам сенгісіз жоғары пайызбен салым сал деп ұсынады, кепілдендірілген табысты өзіңізге ғана емес, тартқан әрбір адамыңызға да береміз деп уәдені үйіп-төгеді, контекст жарнамасына да ақшаны аямай құйып, әлі ұмытыла қоймаған телевизиялық роликтердегі Леня Голубковтан да сенімді көрінеді.

Тез табатын табыс пен адам сенгісіз кірістің артында өткір әлеуметтік мәселе тұр: адамдар өзінің ғана емес, өз қолында жоқты да тәуекелге тігуге дайын.
 
Ақша табамын деген ниет пен артынша алданып қалудың сонша құштарлық туғызатыны неден екен? Қаржы пирамидаларын құрушылар мен өзге де алаяқтар өз құрбанын қалай ілмекке алатынын және оған жем болмаудың жолы туралы полимодаль бағытты оқытушы, Консультанттар мен супервизорлар қауымдастығынның мүшесі Ольга Солоненкомен әңгімелестік. 

- Адамдар бұрыннан соқыр тәуекелге барып, оңай ақшаны армандай ма? Неліктен қаржы пирамидалары 90-жылдары шарықтау шегіне жетті, ол кездегі адамдарды "МММ"-ге кіруге не итермеледі? 

- Менің ойымша, бұл әрқашан солай болған, өйткені өмірлік энергияны үнемдеудің және осы энергияны инвестициялаудың табиғи механизмі өмірлік күштің таусылуына, ал бұл өлімге әкеп соғуы мүмкін. Иә, уақытынан бұрын өлім құшу - ауыр еңбектің екінші жағы, сондықтан адамдар бейсаналы түрде, биологиялық деңгейде тыныш өмір сүргісі келеді және өмірін үнемдеу үшін, яғни сақтау үшін ақша тапқысы келеді. Сондықтан, мысалы, пойыздар мен ұшақтардан бастап Интернетке дейінгі заманауи технологиялардың көп бөлігі пайда болды. Дәл осындай механизмдер біреуде осы күштерді үнемдеу үшін ақыл-ойының дамуына, ал басқа біреуде жеңіл ақшаға қызығушылығын тудырады. 

90-жылдарға келер болсақ, "МММ" дүрбелең, хаос кезінде пайда болды. Барлық деңгейдегі дағдарыс, соның ішінде психологиялық дағдарыс тұрақсыздық тудырды, адамдар оң-солын ажырата алмай қалды. Ал пирамида сабырға келуге, алаңдаушылықты азайтуға, өмір сүруге және тіпті ақша табуға көмектесетін, ең алдымен бір көзге қарағанда құрылымдалған жүйені ұсынды. Кейін Рита Голубкованың етігі мен пальтосы шықты, бұл тек негізгі қажеттіліктер емес. Сонымен қатар, "МММ" байлықтың сыртқы көріністерінен рахат алу арқылы да әсер етті. Бұл ол кез үшін табиғи көрініс десе болады, өйткені қоғам ыдырағаннан кейін ешқандай сыртқы әдемілік, құрылым болмады, тек хаос болды. Негізінде өмір сүрудің қиындауы "МММ"-нің табысқа жетуіне ықпал етті. Бұл оқиға соншалықты шулы аяқталмағанда, қоғамның акциялары жаңа валютаға айналуы, тіпті рубль мәртебесін түсіруі мүмкін еді деген де пікірлер бар.

- Қаржылық алаяқтық Интернетке қалай көшті және неге, онда адамдар көзбе-көз сөйлеспейді, демек, баурап та алмайды?

- Интернетке көшу - уақыт талабы: желіде пайда көре алатындай ақша бар, оған қоса аудитория ауқымы үлкен болуы мүмкін. Жеке байланыстың болмауы жұмысты тіпті жеңілдетті: адаммен бетпе-бет көріспесең алдау оңайырақ.

Интернетте ештеңеге таңғалмау керек. Интернет-алаяқтықтың мәні - адам қобалжыған, ойы сан-саққа кеткен кезде шешім қабылдауы, бұл - шұғыл әрекет етуге мәжбүр ететін қағида. Бұрын көшеде сығандар адамдарды алдап-арбаса немесе алаяқтар қандай да бір жолмен сенімге кіріп, таңғалдырса, қазір бұл сіз қобалжыған кезде басқарғысы келетін манипуляцияға айналған, яғни адам өз ақыл-ойын пайдаланбауы үшін тез әрекет етуге мәжбүрлеу. Қатты әсерлену, сезімге берілу ойлауды шектейді, нәтижесінде себеп-салдарға құрылған байланыстар бірнеше есе баяу жұмыс істейді, кейде тіпті жұмыс істемейді.

- Алаяқтардың құрбанына айналдыратын механизм қалай жұмыс істейді? Адамдар бұған неге үйір болады, олар не сезінеді?

- Ғылыми тұрғыдан алғанда, болашақ жәбірленушінің "алдану" механизмі ішкі қарым-қатынасқа қол жеткізе алмайтындай жұмыс істейді. Қарапайым адам өзін алдауға, нәтижелерді бұрмалауға, айла-шарғы жасауға бейім болса, алаяқтардан алданады. Бұл - алаяқтар үшін ең жақсы құрбандық, олар бір-біріне тартылады. Бұл - сырт көрінісіне қарасаң, жеке көзқарастың, сыни ойлаудың болмауынан қалыптасатын өте қызық алдау механизмі. Сыни ойлаудың болмауы ақыл-ой, оның ішінде эмоционалды дамумен тікелей байланысты екенін білеміз. Сондықтан алаяқтық құрбаны - өзін және қабілеттерін бағалай алмайтын адам. Мұндай адам ақша табудың күмәнді түріне жүгінбей, жақсы өмір сүру үшін өзінің қазір қай деңгейде екенін, қандай ресурстары, дағдылары бар және қалай әрекет ету керегін түсінудің орнына үнемі бір нәрсені ауыстырып, ойлап тауып жүреді, өз-өзіне қарсы әрекет етеді.

Құрбандары үшін алаяқтар - өз жағдайына сәйкес келмесе де, белгілі бір өмір сүру деңгейіне талпынатын, қазір бір сарынды жұмыс істегісі, дағдыларын бағалағысы, оқығысы келмейтін өз-өзін тану мүмкіндігі. Ондай адамдар қашан, не үшін алданғанын, қай жерде өзін алдап жүргенін сараптап үйренсе, бұл жағдайға төтеп бере алатыны сөзсіз.

- Адамдар неге алғашқы сәтсіз тәжірибеден сабақ алмайды?

- Бірінші тәжірибеде қателесетіндіктен, адам сабақ алмайды. Өзінің қателескенін мойындау - өте қиын, бұл кезде реніш пен ашу қатар жүреді. Бұл "бәрібір мен қалағандай болады" деген қыңыр, соқыр реакция тудырады. Қайталау өз-өзінің алдындағы жауапкершіліктен қашып, зиян келтірген жағдайдан тәжірибе жинай алмаудан туындайды.

- Ойынға құмарлық қандай роль атқарады?

- Құмарлық эмоция бәрінде бар, оны басқаратын жалғыз нәрсе - ақыл мен білім. Құмарлық шабытқа өте жақын: адам еңбегі арқасында өз қалауын орындауды армандаған кезде, құмарлық бұл күйді алмастырады. Негізсіз тәуекел жалған шабытты тудырады, бірақ оны байсалдылық қолдамайды, содан кейін бұл сезім нақты нәтижеден гөрі маңызды болады. Бұл нәтижені күту қанға эндорфиндердің шығарылуымен қатар жүреді және адам бұл сенсацияға құштар болғаны соншалық, оның нәтижесіне мән бермейді. Бұл, әсіресе, ақша тігілмейтін ойынға тәуелділік жағдайларда айқын көрінеді.

- Адамның әлеуметтік жағдайы (кедей/бай) мен оның Интернетте миллион табуға ұмтылысы арасында байланыс бар ма?

- Менің ойымша, мұндай байланыс жоқ. Құмар ойынының немесе қандай да бір алаяқтық нәтижесінде келген миллион, ішкі жетілу негізінде өз еңбегімен тапқан миллион емес. Сондықтан, бұл ақша, ең алдымен, адам үшін қанша миллион болса да, ерекше роль атқармайды және аса бір құндылыққа ие болмайды.

Біз әу бастан айтып келе жатқан бұзылудың өмір сүру деңгейі жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Кедей адам өзінің ақыл-ойын, дүниенің құрылымын түсініп, іске кірісіп, көпке қолжеткізе алады, ал миллионер біраз уақыттан кейін өзін қарызға батыруы мүмкін, ол лаңкес әрекет пен ойға бастайды. Мұның бәрі ішкі дүниетанымыңызға, біліміңізге, ақыл-ойыңызға, эмоционалдық интеллектке байланысты.

- Пирамида схемаларының құрбандары арасында қандай ортақ нәрсе бар? Олар не туралы айтады, қандай мәселемен келеді?

- Айта кетейін, қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары уысына түскен адамдарда сыни ойлау жетіспейді, сондықтан психологқа бару мүмкін болмайды. Көбіне бұл жағдайда адам өзіне және қандай да бір жағдайын әділ бағалай алмайды, өйткені адам өз ішінде не болып жатқанын түсінбейді, бірақ бұл жерде түсіну керек нәрсе өте аз. Сондықтан он жыл тәжірибемде мұндай науқастар болған емес, менің білуімше, әріптестерімде де мұндай жағдайлар өте аз. Мүмкін олар құмар ойындарға тәуелді жағдайында болатын шығар, бірақ бұл психиатрияға жақынырақ. Қаржылық проблемаларға, ақша жоғалтуға және т.б. байланысты барлық дүние психиатриядан өтеді, бұл өте терең тұлғалық бұзылыс және бір психолог оны жеңе алмайды. Біз сипаттаған адамдар шындық принципін бұзған және олардың қаржылық сауатына деген көзқарасы  қалыптаспаған, өйткені ақша осы шындықпен байланыс құралы саналады.

- Қаржылық алаяқтық құрбаны болмау үшін не істеу керек?

- Ең алдымен, адам өзі мүлкі мен ақшасы үшін әрқашан өзі жауапты болады. Осыған байланысты ұсынарым:
- сақ болыңыз және ақшаңызды инвестициялау бойынша компаниялар мен ұсыныстарды тексеріңіз;
- ақпаратқа қатысты сыни ойлауды дамыту;
- өзіңізді және қабілеттеріңізді зерттеңіз, оны пайдаланудың басқа мүмкіндігін іздеңіз;
- өмірлік тәжірибеңізді қолданып, қорытынды жасаңыз;
- білімді адамдардан кеңес сұраудан қорықпаңыз.

Т. Есқали