"Өнеркәсіптік қауіпсіздік" — жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуы. Мақсаты – қауіпті қауіпсіздік объектілердегі апаттардың салдарларын болдырмау және азайту. Бұл ортақ іс және бизнестің, қоғам мен мемлекеттің бірлескен жауапкершілік аймағы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік ұлттық экономиканы жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыру және экономиканың өсуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау өнеркәсіп салаларындағы техногендік авариялардың алдын алу мақсатында республиканың қауіпті өндірістік объектілерінде қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қадағалау қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады, - дейді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов.
Осы бағыттағы негізгі міндеттер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу болып табылады.