Кредит алып, тиын-тебенсіз қалу

Болды жинаймыз! Демалысқа, жөндеу жұмыстарына, балалардың оқуына және т.б. Айтуға оңай, алайда бұл жарамайды! Жиналған ақша автомобиль жөндеуге, дәріге және басқа да күтпеген жағдайларға жұмсалып кетеді. Бұл жағдайда тұтынушылық кредит, егер барлық ұсақ-түйекті және мүмкіндіктерді ойластырса нағыз көмекші болады.

Кредит алмас бұрын...

Барлығын ойластыру керек!

Өзіңіздің жалақыңыздың қандай бөлігін және қандай уақытқа кредит қызметіне жұмсай аласыз, есептеңіз. Арнайы термин бар – борыштық жүктеме, егер ол дұрыс есептелмесе барлық отбасы қаржылық тығырыққа тіреледі. Проблеманы шешудің орнына жаңасын алмас үшін, естеріңізде болсын, тұтынушылық кредит бойынша төлемдер пайданың 25-30% аспауы керек.

Қандай сома сізге қажет екендігін анықтап алыңыз, сосын сайтта онлайн-калькулятор көмегімен есептеңіз. Мысалы, «АТФБанк» АҚ-та 7 жылға дейінгі мерзімге 7 млн.теңгеге дейін тұтынушылық кредит алуға болады. Бұл жағдайда борыштық жүктеме басқа аз мерзімді ұсыныстармен салыстырғанда үлкен мөлшерде болмайды.

Кредиттің толық сомасын пайыздық мөлшерлемені және несиені ресімдеуге шартта қарастырылған басқа да шығындарды  ескере отырып нақтылып алыңыз.

Шарттың талаптарын тексеріңіз: төлем кестесімен, сонымен қатар мерзімінен бұрын өтеу және бұзу шарттарымен, қандай жағдайларда айыппұл және өсімақылар есептелетіндігі туралы мәліметтермен мұқият танысыңыз.


Жылдамырақ бола ма?

Тұтынушылық кредит алуға өтінімді банк бөлімшесінен немесе банк сайты арқылы ресімдей аласыз. Әдетте, бұл процедура қиын емес. АТФБанкте бәрі қарапайым және жылдам – банк өзінің клиенттеріне телефон арқылы өтінім беру және кредитті алдын ала мақұлдау бойынша ыңғайлы сервисті  ұсынады. Бар болғаны, байланыс орталығына 2424 нөміріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті 2-5 минут ішінде сіз кредит алу мүмкіндігіңіз, қандай сомада және қандай мерзімде алуға болатындығы туралы жауап аласыз.

Егер ауыр болса

…төлеу мүмкіншілігіңіз жоқ па?

Жоқ боп кету, елден қашу – бірінші ойға келетіндер осылар, бірақ бұлар шешім емес. Бірден банкке қоңырау шалып,орын алған жағдайды талқылау қажет.

«Қиын» жағдайларда ай сайынғы төлемдерді қысқартудың бірнеше тәсілі қарастырылған – қайта құрылымдау, «кредиттік каникулдар», кредит мерзімін созу, ай сайынғы төлемдерді барынша азайту, қайта қаржыландыру және т.б.», - деп түсіндіре кетеді АТФБанктің басқарушы директоры Руслан Волынец.

Ең бастысы, даурықпаңыз және есіңізде сақтаңыз: сіздің кредитіңіздің өтелуіне сіз және банк тең дәрежеде мүдделі. Кез келген жағдайда менеджермен кездесіп, барлығына оңтайлы болатын ортақ шешімге келуге болады.

Серіктес материалы