Осы жылдың бірінші тоқсанында халықтың орташа табысы жан басына шаққанда орта есеппен 196,5 мың теңгені құрады.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға өскен.
Қазақстан аймақтарының ішіндегі ең көп табыс дәстүрлі түрде – Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматы (246,8 мың теңге) сынды мегаполистерде тіркелді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққанда орташа есеппен 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл артта қалды.
Ең төменгі табыс Түркістан облысында тұрғындар арасында байқалды – 121,8 мың теңге. Бұл өңірдің тұрғындары Нұр-Сұлтанға қарағанда 2,3 есе аз табыс тапқан.
2021 жылдың бірінші тоқсанындағы халықтың ақшалай кірісінің үштен екісінен көбі еңбек кірістерінен: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мың теңгесі – жалдамалы жұмыспен қамтудан, 17,4 мың теңгесі – өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен.
Әлеуметтік трансферттер кірістің 30 пайызынан аз. Оның 43,7 мың теңгесі – зейнетақы, ал жәрдемақылар, стипендиялар, АӘК және тұрғын үй көмегі небәрі 9,1 мың теңгені құрады.
Кірістің қалған бөлігі 7,2 мың теңге.
Бірінші тоқсанда ауылдық және қалалық тұрғындардың ақшалай кірістерінің арасындағы айырмашылық қала тұрғындарының 40,4 пайыздан 2021 жылы 37,7 пайызға төмендеді.
Қалалық жерлерде халықтың кірісі 9,9 пайызға, жан басына шаққанда орта есеппен 221,3 мың теңгеге, ал ауылдық жерлерде 12,1 пайызға, 160,6 мың теңгеге дейін өсті.