- Негізгі бет
- Экономика
- Қазақстандағы такси бағасы...
Қазақстандағы такси бағасы басқа елдермен салыстырғанда арзан – зерттеу
Numbeo (тұтынушылар бағасының дүниежүзілік дерекқоры) мәліметтеріне сәйкес, такси бағасы ең қымбат ел – Швейцария. Қазақстандағы тарифтер әлемдегі ең төмен тарифтердің бірі.
13 шілдедегі жағдай бойынша Швейцарияда бір шақырымға такси 4,15 доллар (1766,68 тг), Жапонияда 3,63 доллар (1545,32 тг) және Сальвадорда 3 доллар (1277,12 тг). Қазақстанда такси қызметі басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Елімізде такси қызметі бір шақырымға 0,35 доллар (149 тг). Осы көрсеткішпен Қазақстан такси бағасы елдер рейтингінде 96-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингте барлығы – 108 мемлекет бар.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда такси бағасы қымбат мемлекет – Әзербайжан. Бұл елде такси қызметін пайдалансаңыз шақырымына 0,43 доллар (183,05 тг) төлейсіз. Ал арзан елдер қатарына – Беларуссия, Молдова, Украина, Ресей, Армения және Өзбекстан кіреді.
Ең төменгі бағалар Армения, Пәкістан және Өзбекстанда тіркелген. Бұл республикада 1 шақырымға такси қызметі – 0,2 доллар (85,14 тг).
Күтудің бір сағаты (мысалы, жолаушы күту немесе кептелісте тұру) қымбат елдер тізімінде тағы Еуропа көш бастаған. Ең жоғары тариф Швейцарияда – 75,44 доллар (32 115,31 тг), Данияда – 67,02 доллар (28 530,86) және Исландияда – 64,24 доллар (27 347,40 тг) тіркелді.
Қазақстанда бір сағат күту 3,5 доллар (1 489,97 тг) тұрады. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда бір сағат күту қымбат елдер қатарына – Ресей, Беларуссия мен Украина, арзан елдер қатарына – Молдова, Өзбекстан, Әзірбайжан мен Армения кіреді.
Рейтингке енген елдер арасындағы ең төменгі тариф – Шри-Ланка - 0,6 доллар (255,42 тг), Тринидад пен Тобаго - 0,88 доллар (374,62 тг) және Вьетнамда - 1,31 доллар (557,68 тг) тіркелді.
2021 жылы маусымның аяғында елде жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде екі пайызға өсті. Жамбыл облысының тұрғындары бағаның өсуін бәрінен бұрын сезінді, мұнда тарифтер 19,8 пайызға қымбаттады.
Қазақстанның 17 аймағынан тек Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар өзгеріссіз қалды. Сонымен бірге елордадағы бағалар 0,2 пайызға төмендеді.
Маусым айында Қазақстанда қалалық автобустарда жүру құны жылына орта есеппен 1,4 пайызға өсті, ал баға Жамбыл облысында бірден 30,8 пайызға өсті.
Қалааралық автобустарда жолақы жалпы 1,4 пайызға өсті.
Қызылорда облысында көрсеткіш 14,8 пайызға, Қарағанды облысында 14,4 пайызға, Павлодар облысында 13,4 пайызға өсті.
Бірқатар аймақтарда қалааралық автобуспен жүру, керісінше, арзандады.
Алматыда 11,8 пайызға, Атырау облысында - 7,7 пайызға, астанада - 1,5 пайызға арзандады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда елдің автомобиль компаниялары 2,9 миллиард жолаушы тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 54,7 пайызға аз.
Тасымалдаудың көп бөлігі дәстүрлі түрде автобус пен такси қызметі болды. Автобустар екі миллиардқа жуық жолаушы тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 58,7 пайызға аз. Такси қызметін 947,6 миллион жолаушы пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда - 44,3 пайыз. Трамвайлар мен троллейбустар сәйкесінше 13,5 млн және 12 млн жолаушы тасымалдады.
Автокөлік және қалалық электр көлігі компанияларының кірістері алты айда 136,7 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда +19,5 пайыз.
Барлық кірістердің үштен екісінен астамы жүк көлігінің үлесіне тиесілі. Еліміздегі жүк көліктері биыл 93,1 млрд теңге кіріс келтірген. Өткен жылы бұл көрсеткіш – 80,3 млрд. теңге болған.
Тағы 28 пайызы автобустарды тасымалдаудан түскен кіріс болды: 38,3 миллиард теңге, + 25,1 пайыз. Такси қызметі компанияларға тек 2,1 миллиард теңге, трамвай тасымалы – 841,7 миллион теңге, троллейбус – 746,4 миллион теңге пайда әкелді.
Т. Раушанұлы