Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері анықталды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері анықталды
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Елімізде орташа зейнетақының мөлшері анықталды.  Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 1 тамыздағы көрсеткіш бойынша 99 921 теңгені құрады.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылы қаңтардан шілдеге дейін бюджеттен қазақстандықтарға базалық зейнетақыны төлеуге 478,9 млрд теңге, ал ынтымақты төлемдерге 1 трлн 83 млрд теңге бөлінді.

Бұл ретте, шілдеде қазақстандықтарға 222,2 млрд теңге зейнетақы төленді.

Зейнеткерлер саны 1 тамыздағы жағдай бойынша 2 миллион 238 мыңнан астам адамды құрады.

"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемі ескерілгенде) 1 тамыздағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

Еске салайық, 14 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов елімізде зейнет жасын қысқарту туралы жоспар жоқ екенін айтқан болатын.

А. Оралқызы