Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгерді?

Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгерді?
Фото: inbusiness.kz

Қыркүйек айында пәтерлерге ұсынылған орташа баға Қазақстанның 10 қаласында өсті. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.

Алматыда бір айдағы ең жоғары өсім: +1,9 пайыз. 1 шаршы метрге орта есеппен 671,3 мың теңге.

Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) ұсынылған баға тиісінше 1,3 және 1,2 пайызға өсті.

Жеті қалада динамика 1 пайыздан төмен:

Ақтөбе: + 0.9 пайыз, 1 шаршы метр үшін 277,1 мың теңге;

Орал: + 0.8 пайыз, 306,5 мың;

Шымкент: + 0.4 пайыз, 421,5 мың;

Тараз: + 0.2 пайыз, 296,3 мың;

Павлодар: + 0.2 пайыз, 362,5 мың;

Көкшетау: + 0.1 пайыз, 322,3 мың;

Ақтау: + 0.1 пайыз, 294,4 мың.

Бағалар үш қала: Өскемен, Талдықорған, Қарағандыда өзгермей тамыз деңгейінде қалды.

Сондай-ақ, қыркүйек айының қорытындысы бойынша нөлдік динамика жалпы елде қалыптасты.

Бағаның 0,1-1,3 пайызға төмендеуі Қызылорда, Атырау, Қостанай, Петропавл қалаларында тіркелді.

А. Оралқызы