Fortune басылымы дәстүрлі "Жыл кәсіпкері" номинациясының 2020 жылға арналған рейтингін жариялады.
10. Tricia Griffith
Америка Құрама Штаттарындағы ең табысты әйел кәсіпкерлердің бірі – Трисиа Гриффит. Гриффит ханым дағдарыстан шығып, Прогрессивті сақтандыру компаниясында тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Кейінгі 12 айда компанияның пайдасы 61 пайызға артты. Ол 2016 жылы бас менеджер болған компанияның биржалық құны шамамен үш есеге өсті.
9. Ajay Banga
9-шы орынды әлемнің алпауыт төлем жүйелерінің бірі MasterCard-тың басшысы Аджай Банга иеленген. Оның қызметі кезінде қаржылық көрсеткіштердің жоғары дәрежесі тіркелді. Орташа жылдық өсім 19 пайызды құраса, айналым қаражатының жалпы мөлшері 40 пайызға өсті. Акционерлерге 1600 пайыздық дивиденд төленді.
8. Shantanu Narayen
Шантану Нарайен рейтингте 8-ші орынды иеленді. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және құрастыру Adobe Process аясында дами берді. Компанияның үшінші тоқсанда пайдасы 14 пайызға өсті. Adobe негізгі табысын құжаттарды PDF форматында өңдеуге және жобалауға арналған бағдарламалық жасақтама жасайтын цифрлық медиа сегменті арқылы тапты.
7. Jeff Bezos
7-орын әлемдегі ең бай адам Джефф Безоске бұйырды. Пандемия салдарынан онлайн-дүкендерге сұраныс артты. Amazon биыл 400 000 жаңа жұмыс орнын ашты. Соңғы тоқсанда компания 100 миллиард доллар табыс тапты. Amazon компаниясының нарықтағы капитализациясы 1,6 трлн доллардан асты.
6. Leonard Schleifer
Леонард Шлейфердің Нью-Йорктегі компаниясы биыл әлдеқайда белсенді болған. Атап айтқанда, құрамында антиденелер бар коронавирусқа қарсы коктейль жасау арқылы көптің назарына түсті. Бұл коктейль қазан айында Дональд Трампты коронавирустан емдеу үшін қолданылған. Компанияның Inmazeb коктейлі де Эболаға қарсы алғашқы тиімді ем ретінде аталған болатын. Инновация Regeneron-ға бұрын-соңды болмаған нәтижелер берді. Соңғы 12 айда компанияның кірісі 40 пайызға, ал таза пайда 47 пайызға өсті.
5. Elizabeth Gaines
Рейтингте АҚШ-тан тысқары бір компанияның басшысы Элизабет Гейнс бар. Гейнс ханымның металл өндіруші компаниясы әлемдегі пандемияға қарамастан жақсы жұмыс істеді. Сонымен қатар, Гейнстің күш-жігерінің арқасында Fortescue шахталарындағы бірде-бір жұмысшы коронавирус жұқтырған жоқ.
4. Reed Hastings
Netflix басшысының рейтингке қосылмауы әділетті болмас еді. Рид Хастингс компанияның саясаты мен менеджментін өзгертті, сондықтан Netflix дәстүрлі телеарналардың, сондай-ақ өзі сияқты стримингтік компаниялардың елеулі бәсекелесіне айналды.
Netflix 2020 жылдың 9 айында 28 миллион абонентті тарта алды. Тиісінше, компанияның акциялары 60 пайызға өсті.
3. Jensen Huang
Тайваннан шыққан АҚШ кәсіпкері Дженсен Хуанг рейтингте 3-ші орынға ие болды. Ол басшылық ететін Nvidia компаниясы бастапқыда жылдам жұмыс істейтін бейнекарталарын шығаруға бейімделген болатын. Бірақ 2020 жылға қарай компания түрлі технологияларда қолданылатын чиптерді сату бойынша АҚШ-тың ең ірі чип өндірушісі Интелден басып озды. Бұл биржалық сауда-саттықта елеусіз қалмады – Nvidia акциялары 122%-ға қымбаттады.
2. Lisa Su
Nvidia-ның ежелгі қарсыласы, AMD бас директоры Лиза Су екінші орынды иеленді. Су ханымның көрегендігінің арқасында банкротқа ұшыраған Advanced Micro Devices қайтадан қатарға қосылды.
Кейінгі 12 айда сатылым 9 миллиард доллардан асты. Компанияның бір акциясы 2016 жылы 2 доллар болса, биыл ол 85 долларға дейін қымбаттады. Компанияның капитализациясы 100 миллиард доллардан асты.
1. Elon Musk
Илон Маск биыл адам өз мақсатына қалай жетуді өзгелерге үйретті. Осы уақытқа дейін бірде-бір кәсіпкер бір жыл ішінде 100 миллиард доллар таппаған болатын. Ал Масктың қалтасы биыл сонша қаржыға қалыңдады. 49 жастағы Маск Силикон алқабындағы электромобиль шығаратын шағын компанияны әлемдегі жетекші автомобиль өндірушілердің біріне айналдыра алды. Оның SpaceX аэроғарыш компаниясы 2011 жылдан бері алғаш рет АҚШ астронавтарын орбитаға қайта шығарды. Маск кәсіпкер ретінде биыл автомобиль, аэроғарыш және технология нарығына айтарлықтай өзгеріс енгізе алды. Тесланың S&P 500 құрамына енуі Маскты әлемдегі екінші бай адамға айналдырды.