Әлемдегі барлық миллионердің жалпы байлығы 2020 жылы 7,6% өсіп, 79,6 трлн долларға жетеді. Бұл туралы Capgemini SA-ның World Wealth Report есебінде айтылды.
Бір жыл ішінде ауқатты адамдардың саны (high-net-worth individual, HNWI) 6,3 пайызға өсіп, 20,8 миллионға жетті. Миллионерлер байлығының өсуіне 2020 жылы қор нарығының едәуір өсуі әсер етті.
– Миллионерлер саны және олардың жалпы байлығы бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағында 5 жылдық көшбасшылықтан кейін, Солтүстік Америка 2020 жылы тағы да көшбасшылыққа көтерілді. Аймақтағы миллионерлер саны бір жылда 10,7% өсіп, 7 миллионға, ал, олардың жалпы байлығы 11,9% өсіп, 24,3 трлн долларға жетті;
– Екінші орындағы Азия-Тынық мұхиты аймағында миллионерлер саны жылдағыдан 5,8%-ға өсіп, 6,91 млн-ға, олардың жалпы байлығы 8,4%-ға өсіп, 24 трлн долларға жетті;
Әлемдегі ең бай адам – Джеф Безос
– Еуропада ауқатты адамдар саны 2,8% (5,4 млн), Таяу Шығыста 6,8% (0,81 млн), Африкада 2,7% (0,18 млн), ал Латын Америкасында 4% өсті (0,6 миллион);
– Еуропадағы миллионерлердің жалпы байлығы 4,5%-ға (17,5 трлн доллар), Таяу Шығыста 10,7% (3,2 трлн доллар), Африкада 3,8% (1,7 трлн доллар) және Латын Америкасында 0,5% (8,8 триллион доллар) өсті;
– Өткен жылы АҚШ миллионерлер саны бойынша әлемде көш бастады. Елдегі миллионерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 11,3% өсіп, 6,575 миллионға жетті. Одан кейінгі орындарды Жапония (3,537 миллионер, өсім 6,2%), Германия (1,535 миллион миллионер, өсім 6,9%) және Қытай (1,461 миллион миллионер, өсім 11%) бөлісті. Әлемдегі миллионерлердің 62,9%-ы осы 4 елге тиесілі;
– Ресейде миллионерлер саны 2020 жылы 3-ке көбейіп, 218 адамға жетті;
– Сонымен бірге, Ұлыбританияда миллионерлер саны 591-ден 573-ке, Кувейтте 207-ден 205-ке, Бразилияда 199-дан 186-ға дейін төмендеді. Рейтингтегі алғашқы жиырма бестіктің ішінде осы үш елде ғана миллионерлер саны азайған;
Илон Масктың байлығы бір жыл ішінде 100 миллиард долларға көбейіп, әлем байлары ішінде екінші орынға көтерілді
2021 жылы 1-тоқсанында миллионерлердің 30% байлығы акцияларда, 24%-ы қағаз ақша мен олардың баламаларында, 18%-ы негізгі кірістер активтерінде, 15%-ы жылжымайтын мүліктн және 14%-ы басқада болған.
Дүниежүзілік байлық туралы есепте 71 елдің деректері пайдаланады, олардың үлесінде дүниежүзілік ЖІӨ-нің 98% және дүниежүзілік қор нарық капитализациясының 99% бар.