Kaspi.kz: Мобильді аударымдарға салық алына ма?

Kaspi.kz: Мобильді аударымдарға салық алына ма?

Парламент Салық кодексіндегі бизнеске арналған мобильді төлемдерді реттейтін түзетулерді қабылдағаннан кейін интернетте көптеген жеке кәсіпкерлер, шағын дүкендердің иелері желтоқсан айынан бастап ұялы байланыс арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартуға шешім қабылдағаны туралы хабарламалар пайда бола бастады.

Осыған орай Kaspi.kz әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Kaspi.kz қосымшасында мобильді төлемдерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

№1 Мен жеке тұлғамын. Мобильді аударымдарым туралы деректер салық басқармасына жіберіле ме?

Жоқ. Банк құпиясының талаптарына сәйкес, сіздің аударымдарыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Бұрынғыдай жеке мақсаттарыңыз үшін аударым жасай аласыз және қабылдай ала аласыз.

Жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңімен енгізу туралы заңға сәйкес, кәсіпкерлік қызмет белгілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап беру жоспарланған. 2025 жылға дейін жеке кәсіпкер және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

№ 2 Мобильді аударымдарға шектеулер немесе салықтар бола ма?

Жоқ. Жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Заң жобасында жаңа салықтар немесе аударымдар бойынша шектеулер болатыны қарастырылмаған.

№ 3 Кәсіпкер клиенттерден мобильді аударымдарды алса, олар үшін салық төлеуі керек пе?

Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтар қарастырылмаған.

Мобильді аударымдарды іскерлік мақсатта пайдалану әлі де сатушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу және фискалдық түбіртектерді беру жөніндегі міндеттемелерінен босатпайтынын ескеріңіз.

№ 4 Мен жеке кәсіпкермін немесе компания басшысымын. Менің мобильді аударымдарым туралы деректер салық басқармасына жіберіле ме?

Жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңімен енгізуге сәйкес 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлерге немесе компания басшыларына тиесілі шоттарда кәсіпкерлік қызмет белгілерінің болуы туралы ақпаратты беру жоспарланып жатыр.

№ 5 Сонда бұл заң жобасы не туралы?

Заң жобасың жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға қатысы жоқ. Мобильді төлемдер түсінігін және жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет үшін арнайы жасалған шоттарға тауарлар немесе қызметтер үшін төлемдерді қабылдау міндетін енгізу көзделіп жатыр.

Мысалы, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді алу үшін Kaspi Pay және Kaspi QR мобильді қосымшалары арқылы қазір-ақ мұны жасай аласыз.

Т. Раушанұлы