Қазақстанда күнбағыс майы қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда күнбағыс майы қаншаға қымбаттады?
Фото: blagoevgrad

2021 жылы маусым айында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды. Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсті.

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

Жыл басынан бері елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда алты пайызға жуық артық. Тазартылған күнбағыс майы 76,9 мың тонна өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға артық.

Тазартылмаған күнбағыс майының 72,2 пайызы Шығыс Қазақстан облысында өндіріледі. Ал Шымкент - тазартылған май өндіру бойынша көшбасшы өңір. Бұл қалада 34,9 мың тонна тазартылған май өндіріледі. Бұл республикадағы жалпы көлемнің 45,4 пайызы. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық компаниялар күнбағыс майына деген сұранысты 83,2 пайызға қанағаттандырды.

Алайда Хабар24 хабарлағандай, өсімдік майын өндіретін төрт ірі кәсіпорынның екеуі тоқтап тұр. Осының салдарынан еліміздегі майдың бағасы үш есеге жуық өсті.

Орташа алғанда, еліміздің базарлары мен дүкендерінде 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы 1 литрінің бағасы 713 теңгені құрады. Жоғары баға Түркістан қаласында. Бұл қалада бір литр май 773 теңгеден сатылып жатыр.  

Биыл Қарағанды ​​облысында май 80 пайызға, Алматыда 75,9 пайызға қымбаттады. 

Бұған дейін хабарланғандай, маусым айының соңына қарай Қазақстанда көкөністер мен жемістер  бір айда 7,7 пайызға және өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады.

А. Оралқызы