Қазақстанда бір жыл ішінде жанармай қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда бір жыл ішінде жанармай қаншаға қымбаттады?
Фото: exclusive

Қазақстанда жанармай қымбаттады. Сонымен бірге елде жанармай мен басқа да мұнай өнімдерін сату коронавирус пандемиясы кезінде екі пайызға ғана азайды. 

Жанармай құю станциялары және автогаз толтыру компрессорлық станциялары бойынша мұнай өнімдерінің бөлшек сауда көлемі 2020 жылы 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға ғана аз.

Жанармай құю мен газ құю бекеттеріндегі сауда көлемінің шамамен үштен екісі бензинге тиесілі – 704,1 миллиард теңге. Бұл бір жыл ішінде елімізде  3,9 миллион тонна бензин сатылды дегенді білдіреді.

Одан кейін дизель отыны – 347,5 млрд теңге немесе 1,7 млн ​​тонна. Сұйытылған пропан мен бутан 72,9 млрд теңгені немесе 799,9 мың тоннаны, ал сығылған табиғи газ– 55,5 млн теңге немесе 891 мың текше метрді құрады.

Қазақстан аймақтарының ішінде 2020 жылы жанармай құю бекеттерінде, газ станцияларында мұнай өнімдерінің бөлшек сауда айналымының басым бөлігі Алматы облысына (129,7 млрд. теңге), Алматы қаласына (110 млрд.) және Қарағанды ​​облысына түсті (105,5 млрд.).

Станциялардың ең көп саны Түркістан (660), Қарағанды ​​(546) және Шығыс Қазақстан (503) облыстарында орналасқан.

Жанармаймен бөлшек сауданың ең үлкен көлемі АИ-92 маркасы – 579,6 млрд теңге немесе 3,3 млн тонна.

АИ-95 – 115,7 млрд.теңге, немесе 595,5 мың тонна. АИ-96 және АИ-98 жанармайының маркалары – 2,6 млрд және 6,2 млрд теңгені құрады.

Жанармаймен бөлшек саудадағы орташа баға барлық сауда маркаларында өсті. Мәселен, бір жыл ішінде ең танымал АИ-92 2021 жылдың мамырына қарай литрі 171,3 теңгеге дейін өсті (жылына + 12,8 пайыз). АИ-95/96 литрі 192,1 теңгеге жетті (+11,6 пайыз), ал АИ-95 литрі 209,6 теңге болды (+9,5 пайыз).

Елдегі ең ірі жанармай бекеттері бағаны келісіп, қазақстандықтар арасында ең танымал бензин АИ-92 бағасын негізсіз белгілеп алды, деп хабарлайды ҚР АЗРК. Монополияға қарсы орган жанармай құю станциясының желілеріне 14 хабарлама жіберген.

Т. Раушанұлы