Алматы қаласында туризмді дамыту бойынша биылғы қорытынды

Алматы қаласында туризмді дамыту бойынша биылғы қорытынды

Бүгінде Алматыда туризм индустриясының барлық бағыты қарқынды даму үстінде. 33 туризммен сабақтас сала оның дамуының нәтижесін көріп отыр. Бұл туризмнің Қазақстан экономикасы үшін маңызын арттырады.

Бұл таулы аймақтарды, орналасу нысандарын, қоғамдық көлікті, қоғамдық тамақтану нысандарын абаттандыруға, мегаполистің туристік мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге қатысты. Қазақстанға келетін шетелдік туристердің 50 пайызы Алматыға келіп демалған.

Мұндай жоғары көрсеткіштерге туризм саласын дамыту жолында іске асырылған нақты шаралардың арқасында қол жетті. Атап айтқанда:

• Алматы халықаралық әуежайынан транзит арқылы ұшатын Қытай және Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді. Соның арқасында 2018 жылғы сәуірден бастап Алматыға 10,5 қытай және 2,5 мың үнді азаматы келді.

• 18 380 қонақ бір кездің өзінде Алматыда бола алады.

• Орналасу нысандарының саны былтырғыдан 21% өсті.

64 көрсеткіш таудағы соқпақтарға орнатылып, туристердің жол табуына көмектесіп тұр. Сондай-ақ таудағы 15 бағдардың 10-ы таңбаланды.

• Алматы қаласындағы 39 туристік оператор туристерге турлардың 90 түрін ұсынады. Операторлардың барлығы TripAdvisor-ға тіркелген.

• Шымбұлақ тау-шаңғы курорты «ТМД-ның тауда белсенді демалуға арналған ең танымал курорттары» рейтингінде 1-орынды иеленіп тұр.

Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маңызды жұмыс бағыттарының бірі әрі саланы дамытудың ең айтулы жолы ішкі және шетелдік туристердің ақпаратқа қанық болуы болып отыр. Сектордағы осы жұмыс қалай іске асырылып жатқанын мына есеп беру ролигінен білуге болады:

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек?
Тұмаудан қалай сақтану керек?
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады