"Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы

 "Экономика сабақтарының" кезекті бағдарламасы
Фото: massaget.kz

Massaget.kz порталы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен біріге отырып, 21 қарашадан бастап экономика ілімі туралы видео-дәрістер жүргізе бастады. 25 дәрістен тұратын жобаның алғашқы бес бөлімі өткен аптада көрсетілді. Алдыңғы аптада жарияланатын 6-10-сабақтардың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

6-дәріс (28 қараша). 6-видеодәрісте бәсекелестік туралы толық мағлұмат ала аласыздар. Бәсекелестіктің қызметтері, пайдасы мен зияны жөнінде қызықты ақпараттарды білгіңіз келсе, осы сабақты жіберіп алмаңыз.

7-дәріс (29 қараша). Ал бұл сабақтың тақырыбы – меншік. Меншіктің түрлері және пайдасы мен зияны туралы сөз етіледі. Оған қоса, заманауи экономика қандай меншік түрін қолдайтындығын біле аласыздар.

8-дәріс (30 қараша). Шығыс пен кіріс отбасылық бюджетті есептеу үшін керек. Кіріс қай уақытта артады, шығын қайткенде азаяды дегенге жауап таба аласыз.

9-дәріс (1 желтоқсан). 9-дәрісте экономиканың құрылымы мен мемлекет экономикасы, ұлттық экономика мен оның салалары және инвестиция ұғымдары кеңінен ашылады.

10-дәріс (2 желтоқсан). Бұл сабақтан шағын не орта бизнес бастаймын деп жүрген азаматтар көптеген қызықты ақпарат ала алады. Бизнес-жоспарсыз іс бастау туралы экономист мамандардың айтары да бар секілді. Қапы қалмаңыздар!

Г. Берік