Массагетте "Экономика сабақтары" басталады

Массагетте "Экономика сабақтары" басталады
Фото: massaget.kz

21 қараша күні Mаssaget.kz порталында "Samruk Kazyna Trust" қорының қолдауымен "Экономика негіздері" жобасы басталады. 25 сабақтан тұратын видеодәрістің мақсаты – жастарға экономика туралы қарапайым тілде мағлұмат беру. 

Экономика дегеніміз не? Ол қашан пайда болды? Экономика ғылымы қандай салалардан тұрады? Олардың берер пайдасы қандай? Экономикасыз іс бастауға бола ма?

Бұл сұрақтардың жауабын экономика ғылымы туралы анықтамалықтардан іздеп табуға әсте болады. Бірақ, тіл шатастырарлық жаңа атаулар мен терминдердің, олардың мағынасының өзі күрделі болса, экономика туралы сөз қозғаудың өзі қиынға соғады. Ал бұл жобада жүргізуші мен экономист аталған ғылымды қарапайым тілде жеткізеді.

Жіберіп алмаңыздар!

Г. Берік