- Негізгі бет
- Егер...
- Зиянды сәулелерден құтылу...
Зиянды сәулелерден құтылу жолдары
Ұялы телефонның денсаулыққа зиян екендігі белгілі. Бірақ басылымдар мен теледидарда бұл туралы дәлелдермен он айтылса да, басымызға түспейінше сезіне бермейміз. Бұл оны біржола қолданбаңыз деген сөз емес. Электроника тарататын зиянды сәулелерден мейлінше алыс болу керектігін ескерту.
Телефонмен сөйлесу үшін гарнитураны қолданған жөн. Бұл – электромагнитті толқындардың басқа әсер етуінен қорғайды. Көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлесу жол апатына себепші болу мүмкін. Электромагнитті өрістер бүгінде ауылшаруашылығы, медицина, радиотехникалық салалардың барлық түрінде кездеседі. Ол интернет, мектептегі лингофон кабинеттерінде, интербелсенді тақталарда да болады. Бұл заттарды қанша сағат қолдансаңыз сонша уақыт таза ауамен тынығу керек. Бұл зиянды энергиядан арылуға көмектеседі.
Қарапайым компьютерді алайық, оның алдында кейбірі ақпарат жинау үшін, кейбірі уақыт өткізу үшін отырады. Компьютердің алдында үздіксіз қарап отырудан көздің көруі нашарлайды, қимылсыз отырғаннан омыртқаға салмақ түседі. Омыртқаға салмақ түспес үшін мынадай кеңес береміз. Отырғанда арқаны тік ұстау қажет, ол үшін арқасы шалқаймайтын тік орындыққа отырған жөн. Арқаны түзу ұстайтын сөмкелер ұстаңыз. Турникке ұзақ уақыт тартылып тұрыңыз. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу керек.
Г. Берік