Өмірде көп жауапкершілік жігіттерге жүктелетіні секілді, велосипед айдап білу әр ер балаға өте маңызды. Кішкене бала күнінен дағыдалнып, үйреніп кетпесе, өскен сайын велоспиед тебуді үйрену қиындай түсуі мүмкін. Біз ұсынған әдіс арқылы велосипед айдауды игеріп көріңіз.
Ынтаңыз болса үш-ақ күнде зулап кетуіңізге болады. Бірінші күні тепе-теңдік сақтап үйренеміз. Бір қолды ашамайға қойып, екінші қолмен рөлді ұстап, велоспиедті түп-түзу жүргізгенше жанында жүреміз.
Екінші күні самокатта жүргендей сырғанатамыз. Велосипедтің сол жағына тұрып, оң аяқты педальге қоямыз. Рөлді екі қолмен қатты ұстаймыз. Жанында сол аяқпен демей жүріп, велосипедті сырғытамыз.
Үшінші күні "көлігімізге" отырамыз. Бір аяқпен жол ернеуінде (бордюр) тұрып, екінші аяқты педальге қоямыз. Тепе-теңдік сақтауды үйрендік, енді қорқынышты жеңіп, айдап кете береміз.