Ұйқыға ертерек жатқаныңызбен, ұйықтай алмай әуреге түсесіз бе? Ұйқысыздық – дерт. Оны емдеу үшін адамдар дәрігердің көмегіне сүйеніп жатады. Дегенмен, басқа ауру түрлері секілді ұйқысыздықтың да алғашқы белгілері болады. Оны дер кезінде аңғарып, онымен күресу – сіздің қолыңызда.
Ұйқы неге маңызды?
Ұйқысыздық дертінің салдары қандай? Тез шаршау, нашар көңіл-күй, тершеңдік, жүрек соғысының жиілеуі, мазасыздық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы әрі жұмысқа қабілеттіліктің азаюы секілді қиындықтардың туындауына әкеледі.
Америкалық медицина академиясының зерттеушілері уақытылы ұйықтамау жүрек-қантамырларының ауруын қоздыратынын айтады.
Қалай тез ұйықтауға болады?
Күні бойы қозғалыста жүріп, шаршғанымызды сеземіз. Бірақ, қатты шаршап келіп, керуертке жата салып, ұйқыға кетемін деген ой – қателік. Өйткені, сіздің денеңіз толассыз қимыл-қозғалыстан соң ұйқыға дайын емес. Керісінше, сіз осылай жасау арқылы миыңыз бен тәніңізге ауыр күш саласыз. Ұйықтардан 1 сағат бұрын бүкіл жұмысыңызды аяқтап, денеңізді тыныштық күйге дайындаңыз. Сонда ұйықтау әлдеқайда жеңіл болмақ.
Ұйқыңыз келмесе, керуертке жатпаңыз
Өзіңіз ұйықтайтын уақыттан бұрын төсекке жату нәтижесіз жоспар болатынын естен шығармаңыз. Әсіресе, осы уақытта күшіңіз тасып тұрса, төсектен алшақ болыңыз. Өйткені, миыңыз да, тәніңіз де «ұйқы» режиміне ауысуға дәрменсіз.
Жылы душ немесе ванна қабылдаңыз
Сіз бұны пайдасыз деп есептеуіңіз әбден мүмкін. Дегенмен, күндізгі белсенділіктен соң, бұл процедура денеңіздің қызуын азайтады. Жүрек соғысының баяулауы, астың қорытылуы секілді метаболизм үрдістерінің әсерінен ұйқы өзі-ақ келеді.
Дұрыс тыныс алып үйреніңіз
Ұйықтар алыдында өзімізге ыңғайлы орын іздеп төсекті айналып шығамыз. Дегенмен, орыннан гөрі дұрыс тыныс алуды үйренуіңіз қажет. Дем алысыңыз бен деміңізді шығарудың құрылысын өзгерте отырып, жүрек соғысы мен қан қысымының жиілігін өзгерте аласыз. Мамандар, мұрын арқылы дем алып, оны 2-3 секунд іште ұстап кейін ауыз арқылы баяу шығаруды ұсынады.
Ойыңызды басқарыңыз
Санаңызды торлап алған мазасыз ойлардан құтылу үшін зейініңізді бір нәрсеге шоғырландыруыңыз керек. Ең оңайы, үздіксіз санаңыз. Яғни, санау барысында ойыңыз бөлініп кетпеуін қадағалаңыз. Осылайша, мазаңызды алған ойлардан құтыласыз. Медитация нұсқасы қиын әдісті ұсынады. Өзіңізге ыңғайлы орынға жайғасып, көзіңізді жұмыңыз. Енді өзіңіздің санаңыздағы ең бағалы естелікті есіңізге алыңыз. Бастысы – сол ойларды ойлау арқылы сіз өзіңізді еркін әрі қауіпсіз сезінетініңіз.
Бұл әдістердің әсері болмаса, ұйқысыздық дертінің салдарын анықтаңыз. Егер өз бетіңізбен күресе алмасаңыз, дәрігердің көмегіне сүйеніңіз.