- Негізгі бет
- Егер...
- Сіздің атыңызға сын...
Сіздің атыңызға сын айтылса
Егер сіз ешнәрсе істемей бос отырсаңыз, тып-тыныш өмір сүрер едіңіз. Сіздің тарапқа айтылатын сындар артып жатса, демек, сіздің жасап жатқан жұмысыңыз өзінің бағасын алып жатыр дегенді білдіреді.
Сынға бола кек тұтпаңыз
Сіздің көңіліңізге ауыр тисе де, кек ұстамаңыз. Егер айтылған сынды әділетсіз деп қабылдап, өш алудың жолына түссеңіз, Конфуцийдің мына сөзін есіңізге алыңыз: «Кек алудың жолына түсе бастасаң, екі көр қаз: бірі – өзіңе».
Жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз
Сыннан қорғанудың оңай жолы оған мән бермеу. Бір психолог өзінің өмірлік тәжірибесі ретінде мынадай шешім ұсынады: Егер сізді біреу қатты өкпелетсе, адам толы көше қиылысын елестетіңіз. Өтіп жатқан адамдардың ешқайсысы сіз туралы ойламайды.
Сын болмаса өміріңіз қалай болатынын елестетіп көріңіз
Сын түзелмей, мін түзелмейді. Егер бойыңыздағы қателіктермен күрескіңіз келсе, сынды қабылдай білуіңіз керек. Сын жүйкеңізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ, оның арқасында сіз адам ретінде өсесіз.
Сынды айта біліңіз және өзіңізге сыни көзқараспен қарай біліңіз.
Т. Есқали