- Негізгі бет
- Егер...
- Сіз өзгеден ақылды...
Сіз өзгеден ақылды болсаңыз...
Өзгеден ақылды болып көріну басқа, шынайы ақылды адам болу екеуі екі түрлі нәрсе. Себебі ақылды екеніңізді көпке жария ету – ақымақтық. Ал ақылды адамның басты белгісі – қарапайымдылық. Егер өзгеден ақылды болсаңыз қандай жағдай орын алуы мүмкін?
1. Психологиялық ауытқу
АҚШ және Ұлыбритания ғалымдары жоғары интеллектілі адам түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін деп тұжырым жасады. Олардың зерттеу нәтижесінде 8 жасында IQ сынамасы жоғары болған балалар уақыт өте келе психологиялық ауытқуға ұшырайтын болған.
2. Либерализм және атеизм
Психолог Сатоси Канадзаваның зерттеуінше либерализм мен атеизм түсініктеріне өте жоғары санаттағы адамдар тап болады.
Психолог зерттеу негізінде мынадай нәтиже шығарды: жасөспірімдердің IQ – 95 кезінде, либерладар – 106,5 ал атеистер – 97 көрсеткен. Яғни ақыл шкаласынан асып жығылып отыр.
3. Түнде өмір сүру салты
Тағы да С.Канадзаваның теориясына жүгінер болсақ, біздің бабаларымыз күндіз шайқаста жүріп не іліп алып, кеш батысымен жатудың қамын жасаған болса, қазіргі данышпандар мұны керісінше істейді.
Түнде кеш жатып, таңда ерте тұрып кететін адамдар ақылды адам ретінде танылып отыр.
4. Жалғыздықты сүю
Ақылды әрі қабілетті адамдар жалғыздықты сүйеді. Қарапайым адамдар достарымен отырып әңгіме-дүкен құрғанды ұнатса, ақылы толысқан адамдар өздеріне керек жобамен бас қатырып, көпшілік ортадан қашық болуды қалайды.
5. Сенім
Ақылды адамдар кімге сену керектігін біледі және кімге сенуге болмайтынын да аңғарады. Сондықтан олар барлық адамдармен ашық сөйлеседі. Ал сенімсіздік танытқан адамына тіпті жақындамайды.
6. Физикалық қозғалыстың әлсіздігі
Америкалық ғалымдар зерттей келе, ақылмен жұмыс жасайтын адамдардың қол күшіне қолайлы екенін немесе физикалық жұмыстарға жарамсыз болып келетінін анықтады.
М. Ақан