Суықтан қалай қорғанамыз?

Суықтан қалай қорғанамыз?
Фото: inspirerend-wonen.be

Қыстың ызғары бетті қарып, денені мұздатып жатыр. Осындай суықтан қалай қорғану керек, бойдағы жылуды қалай сақтау керек, қолдан қандай жылытқыш жасауға болады деген сұрақтарға жауа беретін боламыз.

1. Ыстық таңғы ас

Суық күнді өзіңіз-ақ жылыта аласыз. Ол үшін әр таңды ыстық таңғы ас ішу керек. Таңғы асқа ыстық ботқа жеп тұрсаңыз, ағзаңыз үнемі қуатқа бай болады.

2. Киімді қабаттап кию

Егер далаға шығатын ойыңыз болса, бірнеше киімді қабаттап киіңіз. Бастысы, күрте, қолғап және бас киім.

3. Саусақсыз қолғап

Мұндай қолғаптар жұмыс жасауға ыңғайлылық тудырады.

4. Шұлық

Аяқтарыңыз тоңбас үшін қалың шұлық киіп жүріңіз. Аяқ киіміңізге ұлтарақ салып алаңыз, болмаса екі шұлықты қабаттап киіп алған жөн.

5.Шашкептіргіш

Үйден шықпас бұрын аяқ киіміңізді шашкептіргішпен жылытып алыңыз. Біраз уақытқа дейін аяғыңызғы жылулық беріп тұрады.

6. Сорпа

Түскі асқа ыстық сорпа ішіңіз. Қыс мезгілінде денені жылы ұстап тұратын ең абстысы азық – осы сорпа. Бір жағынан құнарлы, бір жағынан ағзаңызды жылытады.

7. Ыстық шай

Күніне бірнеше рет ыстық шай ішіп тұрыңыз. Ыстықты ұстап тұратын арнайы құтыға (термос) ыстық сусынды құйып алып жүріңіз.

8. Жылуды сақтау

Үйдің ішіндегі жылуды сақтап тұру үшін есік, терезенің суық ауа кіреді-ау деген тұстарын бітеп тастаңыз.

9. Сырғанамау үшін

Аяқ киіміңіздің табанына медициналық лейкопластырь жабыстырып қойыңыз.

10. Жылытқышты өзіңіз жасаңыз

Мәселен, суреттегідей етіп, үш майшамды бір метал ыдысқа салып қойып, ыдыстың бетіне метал торды қойып қойыңыз. Метал тордың бетіне гүл құмырасын төңкеріңіз де, ауа өтетін саңылауына тиын жауып қойыңыз. Тиынды алып, суықтан тоңып қалған қолыңызды оңай жылыта аласыз.

Г. Берік