"Қыстың қамын жаз ойла" демекші, ақ ұлпаға бөленген мерзімде бой сергіту үшін, қазірден бастап өзіңізге ыңғайлы сноуборд тақталарын алып қойғаныңыз артық етпес. Бір қарағанда көзіңізге барлық тақталар бірдей көрінуі мүмкін. Себебі, оның бір-бірінен айырмашылығы қатты білінбейді. Алайда сноуборд дұрыс таңдалмаса, кейін сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан барлығына мұқият қарағаныңыз абзал.
All mountain (Олмаунтин). Универсалды тақта. Әдетте сноубордтың мұндай түрі жаңадан үйренушілер мен жасы ұлғайған жандарға тиімді. Өйткені тақтай басының баяу жүріске арналса, ұшының қайрылғаны мен тақтаның қалыңдығы қатты күш жұмсауды талап етпейді.
Carving (Карвинг). Арнайы дайындалған биік жолдардан түсуге ыңғайлы тақта. Таудың жоғарғы бөлігінде орналасқан жолдармен жүру үшін көбіне карвинг тақтасы пайдаланылады. Жылдамдықты үдетіп тоқтатуға да өте ыңғайлы.
Freeride (Фрирайд). Дайындалмаған жолдармен жүруге арналған тақта. Фрирайд тақтасының ені мен көлемі едәуір үлкен болып келеді. Алдыңғы мұрнына қарағанда артқы бөлігі кішілеу болады. Бұл спортшының өзіндегі тепе-теңдікті ұстауына әсер етеді.
Freestyle (Фристайл). Нағыз кәсіпқойларға арналған. Спорттық жарыстардың барлығында сноубордтың осы түрі таңдалынады. Әртүрлі трюк жасаған уақытта, трамплиндерден секірген кезде денеңіз бен аяғыңыздың қатар қимылдауына жақсы көмектеседі. Алайда, бұл тақтаға үйрену өте қиын. Себебі ұшқыр тақта қателікті кешірмейді.