- Негізгі бет
- Егер...
- Іскер адамның белгілері...
Іскер адамның белгілері
Іскер адам бір қарағаннан-ақ білініп тұрады. Оның іскерлігін ең алдымен танытатын – сыртқы келбеті, киген киімі, жүріс-тұрысы.
Іскерлік түсінігі костюм киюмен танылса, көптеген компания қызметкерлерінен дресс код ережесін сақтауды талап етеді. Әр мекеменің өзіндік формасы болады немесе классикалық үлгіде киіну ұсынылады. Іскерлік бейнеңізді аксессуарлармен толықтырғыңыз келсе, алтын, күміс сағат тағуға болады.
Стильмен қатар киімдегі тазалық, ұқыптылық, жинақылық, шаш қою үлгісіндегі реттілік – барлығы іскер адамның сипатын ашады.
Іскер адамның жүріс-тұрысы да өзіне сенімді, әр қадамы ширақ, батыл. Ұшып-қонып, сасқалақтап, әр жерден табылу іскерлікке үйлеспейді. Салмақты, ұстамды болады.
Жұмысбасты адам нақты жоспармен жүреді. Жоспарлары қағазға жазулы болады, бос уақыты көп болмайды. Әр секундын тиімді де пайдалы өткізу үшін жоспарды еш бұзбауға тырысып бағады.
Іскерлер шетелдік компаниялармен оңай қарым-қатынас орнату үшін бірнеше шет тілін меңгереді. Жалақысы да соған сай, жоғарырақ болады.
Іскер адамға көптеген шаруаны телефонмен тындыруға тура келеді. Сондықтан бір сөйлескен кісісін дегеніне көндіру үшін, райынан қайтару үшін, келісім беруі үшін оның дауыс ырғағы жағымды, жайдары болады. Байыппен сөйлейді әрі әр сөзін ойланып айтады. Қанатты сөздерді де жақсы біледі, орнымен қолдана алады.
Іскер адам қандай жағдай болса да адамгершіліктің ақ туын құлатпайды, өтірік айтпайды, уәдесінде тұрады.
Қызметте жетістікке жетіп, мақсаттарыңды толыққанды орындау үшін кең болу, қамқор да қайырымды қалыпта қалу маңызды рөлге ие. Адамдармен тез тіл табысып, кез келген тақырыпта әңгіме өрбіте білу де дүниетанымның кеңдігін көрсетеді. Осы қасиеттер болмаса не аз болса, әріптестер арасында беделі біртіндеп төмендеп, іскерлік бейнесінен ада қалады.
Соңғы, айтпаса да түсінікті жайт, іскер адам өзін күн сайын ілгері жылжытып, дамытып, жетілдіріп отырады.
@. @assel_assanova