Дамыған технологияның арқасында адамзат баласы көптеген қиындықтан құтылып, ауырдан жеңіл өнеркәсіптің түріне ауысып жатыр. Яғни роботтардың пайда болуы жұмысты барынша жеңілдетуде. Әлем бойынша 20205 жылға дейін роботтарды дамытуға арналған технологияға 33 миллиард доллар көлеміндегі бюджет қарастырылуы мүмкін.
Шындығында роботтар бізбен өмір сүріп жүр, бірақ олар әлемді жаулап алса қандай жұмыстар атқаруы мүмкін?
Музыка сабағынан береді
Ғалымдар қазір роботтардың сөйлеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Яғни олардың еркін сөйлеуіне мүмкіндік беру. Уақыт өте келе олар дамып, арнайы бағдарламалар арқылы музыка сабағынан дәріс беруі де ғажап емес. АҚШ пен Ұлыбританияда өңделіп жатқан соңғы үлгідегі роботтар қазірдің өзінде ән салып, би билей алады. Ал енді олар біреуге үйрету, ноталармен жұмыс жасауды қолға алып жатыр.
Пластикалық операция жасайды
Операция жүйесіне енгізілген арнайы дайын бағдарламалар арқылы ендігі жерде роботтар адам баласына тез әрі қауіпсіз түрде пластикалық операциялар жасай бастайды. Бұл дегеніміз қазіргі хирургтардың жұмысын жеңілдетеді. Жеңілдетіп қана қоймай, олардың жұмыс күшін тартып алуы да мүмкін.
Бала баға алады
Болашақта аналар үшін баласын жалғыз біреуге тастап кету үрдісі жоғалады. Енді үйіңізде «бала бағушы» роботтар пайда болады. Олар бұйыра отырып, баламен жұмыс жасайды. Шаршамайды, ұрыспайды, сақ болады әрі өзіне ақша не тамақ талап етпейді. Бұл таптырмас жаңалық болары анық.