- Негізгі бет
- Егер...
- Өзіңізді тәртіпке келтіремін...
Өзіңізді тәртіпке келтіремін десеңіз
«Өмірдің бір қызығы – бала» болғандықтан, ертең өзіміз біреудің ата-анасы болатынымызды, олар біздің сөзімізден емес, ісімізден үлгі алатынын әрдайым жадта ұстап, сәт сайын әрекетімізді қадағалап, өзімізді тәртіпке келтіруіміз керек. Қадам басқан сайын ертең балам осылай жасағанын қалар ма едім деген сауалға ұялмай жауап бере алатындай болайық.
Ата-анамыз үнемі бізбен бірге. Адамдар арасында жүргенде оларға көңіл бөлмейміз, тіпті бұл ісімізді де ескермейміз. Бір күні олар кетіп қалады, содан кейін бармақ тістегеннен пайда жоқ.
Сөзіңізде тұрыңыз. Тіпті телефонмен сөйлескенде де кейін хабарласамын деген сөзді айтсаңыз, міндетті түрде хабарласыңыз, болмаса айтпаңыз.
Бір нәрсеге қадалып қалмаңыз. Алға баса беріңіз. Кешеуілдету – өлгенмен тең.
Қателік – оны мойындаған кезде ғана түзеледі.
Ойыңызға бір нәрсе келсе, амалын тауып міндетті түрде жазып қойыңыз.
Теледидар миды сұйылтады. Ерік-жігерді езеді. Асылы оны қоспай-ақ қойған жақсы.
Үлгермей жатсыз ба? Кешігетін түріңіз бар ма? Онда міндетті түрде өзгелерге ескертіп қойыңыз. Кісінің алтын уақытын ұрламаңыз.
Өсек тыңдамаңыз және айтпаңыз. Көзбен көрмегенге сенбеңіз.
Ешкім ешкімге ештеңе қарыздар емес. Өмірдің қатал шындығы. Осыған үйреніңіз. Ешкімнен ештеңе күтпесеңіз өмір жеңілдей түседі.
Бөгде кісілердің арманын қорғаштаңыз. Сонда сіздікіне де ешкім тимейді.
Жазғанда да, сөйлегенде де аса сауатты болуға тырысыңыз.
Адамға қаншалықты шын ренжігеніңіз маңызды емес. Жеке басына байланысты кекетіп-мұқатудан, тіпті байқамай айтып қалудан сақ болыңыз. Өкпе-реніш тарайды, ал адамның көңіліне келтірген қаяу сейіле қоюы қиын.
Ең әуелі істегіңіз келмейтін шаруаларды тындырып тастаңыз.
Мәселелеріңіз бен жолыңыз болмай қалған тұстарды өзгелерге айтудың қажеті шамалы. Құлақпен тыңдағанымен, жүрекпен қабылдамайды. Оларға бәрібір.
Қиын сәтте қауқарлы бола тұра қол қусырып отырған, мүмкіндігі бола тұра жаныңыздан табылмаған жанды өміріңізден өшіріп тастасаңыз да болады.
Басыңызды кесіп алса да шындықты айтыңыз. Өтірік өтірікті туғыза береді. Соңында ең жексұрын біреу боп шыға келесіз.
Әдепті командир талай қамалды соғыссыз алады. Сыпайы болыңыз, сонда көп есік алдыңыздан өзі ашылады.
Жағдайдың шешімін таба алмасаңыз, жатып ұйықтап алыңыз. Миды тынықтыру көп мәселенің шешімін дұрыс табуға көмектеседі.
@. @assel_assanova