Беларусь елінің үздік психологы Геннадий Малейчук адамдардың өмірлік жағдайларды қалай қабылдайтынын төрт түрге жіктеді. Алдымыздан қандай оқиғалар тап келсе де, төрт нұсқада өткереді екенбіз.
1. Өзгерту. Қалай өзгерту керегін білмесеңіз, үйреніңіз. Бұл – маңызды.
2. Қабылдау. Егер жағдаятты өзгертуді қаламасаңыз не бұл мүмкін емес болса, қабылдауға тура келеді. Қабылдаудың бір түрі – көндігу. Өзгерту қолдан келмегеннен кейін, соған мойынсұну. Қате қадам бастым деп ойлау орнына, осылай болуы керек, тағдыр жазғаны, барлығы жақсылыққа, бұл істің де қайыры болар деп қабылдаңыз.
3. Ашулану. Бұл – белсенді әрі агрессияға толы шарасыздық. Өмірімізді жақсы арнаға бұруға шама жетпегенде, еріксіз ашуға бой алдырамыз. Қолдан түк келмегенде амалсыз ашулану да өзгертуге не көндігуге алып келеді. Мысалы, намыстанып қолыңыздан келместі үйреніп алыңыз не зиянды әдетті тастап кетіңіз.
4. Шағымдану. Бұл – селқос та агрессиялы шарасыздық күйі. Сізді тығырыққа тірелген тірліктен біреу келіп шығарып алады деп ойламаңыз. Өзіңізге өзіңіз көмектеспесеңіз, сізге ешкім қол ұшын созбайды.
Қандай жағдай болса да осындай төрт типтің бірін ұстанады екенбіз. Енді өзіңіз ойланып, қайсысы дұрыс әрі пайдалы екенін анықтап алыңыз. Сонда кез келген келеңсіздіктен күйзеліссіз өтуге дайын боласыз.