«Тағы бір қияли тап болды. Бұл жерде сенің бастаған ісіңе орын жоқ».
Сен жаңа бизнес бастасаң, ешкім саған сенім білдірмейді.
Шөл далада жалғыз өзің келе жатсың, ол жолмен әлі ешкім жүрген жоқ.
Реалистер, бизнестің азулылары және басқа да сәуегейлер болжап айтып қойды.
Бірақ сен өзгелердің пікірін құлаққа ілмейсің.
Жай ғана өз жолыңды жалғастыра бересің.
Өзіңе сенімдісің, мақсатыңа жетуде кейін шегінер жолды білмейсің.
Ісің алға жүре бастайды. Ал айналаңдағы адамдар мысқылмен қарау орнына қызығушылық таныта бастайды.
Кішкене болса да, адалдықпен жеткен жеңістеріңді, оған сенімділікпен жеткеніңді сырттай бақылайды.
Жолыңда жақсылық тілеушілер де пайда болады.
Қоршаған ортаның барлығы ісіңе аса қызығушылық таныта бастайды.
Кеңес беріп, кейін іспен де көмектеседі.
«Оларда әлдебірнәрсе бар. Қосыламыз ба?»
«Мен саған бұл іс жүзеге асатынын әлдеқашан айтқанмын».
Көп кешікпей табынушыларың да, тіпті ізбасарларың да пайда болады.
Ақыры соңында сәуегейлерге дейін сенің ісіңе қосылуды армандайды.
Сенің именбейтін сенімділігің мен ерекше дарыныңнан күш алады.
Жүріп келе жатып, ақырын тоқтап қалғандарды кейін ешкім есіне де алмайды.
Тек бар салмақты өз арқасына артқандар туралы ғана дастан қалады.
Өзіңе сен! Бәрі де орнымен оңалады!
Тек алға басқан қадамыңды жалғастыра беру керек.
Жол қанша ұзақ болса да, алға басуды тоқтатпа!