- Негізгі бет
- Егер...
- Ми жұмысын жылдамдату...
Ми жұмысын жылдамдату
Кей адамдар табиғатынан тез ойланып, жылдам шешім қабылдауға қабілетті болса, кейбір жандар бір шешімге келуі үшін ұзақ уақыт ойлануға мәжбұр болады. Бірақ адам өзін мен баяу ойланамын деп жүре бермей, ми жұмысын жақсарту тәсілдері арқылы өзгере алады.
Классикалық әуен тыңдаңыз. Ынтаңыз болса, фортепианода не скрипкада ойнауды өзіңіз үйреніп алыңыз. Басқа әуендер кері әсерін беруі ықтимал.
Сурет салыңыз не кескіндер сызыңыз. Түйінді мәселені шешу жолын ойластырған кезде, сонымен қатар кез келген сурет салып отырсаңыз, ми қызметі жақсарады.
Қызыл түстен қашықта болыңыз. Бұл нәпсіні қоздыратын түс саналады. Сондықтан ойыңыз қалай бөлініп кеткенін өзіңіз де ұқпай қаларсыз.
Өзіңіз басқара алмайтын әрі әлсіздігіңізді сезінетін істен бір сәтке қашықтай тұрыңыз.
Кофе ми жұмысын арттырады. Бірақ әсері ұзаққа созыла қоймайды.
Ақымақ адамдар туралы ойлап, жүйкеңізді жұқартпаңыз.
Керісінше, ақылды, атақты, ойшыл жандар жайында ойлаңыз. Олар сізге шабыт беріп, ойыңызға ой қосылуына себепші болады.
Дене жаттығуын жасау да жақсы көмектеседі.
Көп адаммен араласып, өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді жиі сезініңіз.
Болмысқа сену сезіміңізді қоректендіріңіз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз үдей түседі.
Оңаша қалып, ішкі ойлаңызды дауыстап айтыңыз. Бұл зиялылық қабілетін арттырып, жақсы ойлануға сеп болады.
@. @assel_assanova