Бұл әрбір көлігі бар азаматтың басынан өтетін жағдай. Мұндайда не істеу керек? Ақиқатына келгенде дөңгелекті ұрлаймын деген адам қандай жағдай болса да қулығын іске асырады. Бірақ олар ескермей қалатын бірнеше тәсіл бар. Осы тәсілдер арқылы сіз дөңгелегіңізді сақтап қала аласыз. № 1. Көліктің дабыл жүйесі (сигнализация) Соңғы үлгідегі шыққан көліктерде дабыл жүйесі бар. Дабыл жүйесі іске қосылған кезде көлік иесіне автоматты түрде хабар береді. Ал бұл ұрыларға тосқауыл қояры анық. Өкінішке қарай, қазіргі ұрылар үшін бұл да жаңалық емес. Дамыған технологияның күшімен дабыл жүйесін өшіру арқылы көлігіңіздің дөңгелегін оңай шешіп алып кетуі мүмкін. № 2. Дөңгелекті бекітетін бұрандалар Қазіргі кезде көліктердің дөңгелегін бекітуге арналған түрлі бұранда бар. Бірақ бәрінің бұрандалары бірдей болып келеді. Сіз дөңгелегім аман қалсын десеңіз, бұрандалардың тісі алуан және бұрауға қиын түрлерін алыңыз. Одан қала берді дөңгелек сыртына шығып тұратын бұрандаларды арнайы қаппен бекітіп тастаңыз. Ол пластиктен емес, мырыштан немесе металдан жасалған болса бек жақсы.Арнайы бұрандалар сатып алып орнатасыңыз да болады. Қазір барлық затты базардан тауып алуға немесе тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Ескерте кету керек, арнайы бұрандалардың кілтін көліктің ішіне не артқы жүк салғышқа салмаңыз. Өзіңізбен алып жүруге тырысыңыз. № 3. Көлікжай немесе көлік тұрағы Көлік алатын болсаңыз ең бірінші көлікжайды (гараж) қарастырыңыз. Яғни жеке көлікжайыңыз болса, ең қауіпсіз түрі осы. Ал оған қаржы жағынан немесе басқа да мүмкіндік болмаса, үйге жақын жерден көлік тұрағын табыңыз. Оған жұмсайтын шығыныңыз дөңгелегіңізді ұрлап кеткен шығыннан аз болады. № 4. Көлікті ыңғайсыз жерге қойыңыз Есік алдына немесе үйдің қасына көлікті тегіс әрі ыңғайлы жерге қоймаңыз. Дөңес, қырға немесе мүлде икемге келмейтін жағдайда тоқтатып қойыңыз. Бұл таптырмас көмек. Себебі ұрылар мұндай жағдайда дөңгелегіңізді ұрлай алмайды. Бір дөңгелегін шешсе, көлікбір жағынаауып кетеді. Ал мұндай шығын ұры үшін сәтті күн болмайды. № 5. Дөңгелекті сақтандырып қойыңыз Жоғарыда айтылған әрекеттердің бірі де көмектеспейтін болса, дөңгелекті сақтандыру компаниясы арқылы сақтандырыңыз.