- Негізгі бет
- Егер...
- Көлікті несиеге алсаңыз,...
Көлікті несиеге алсаңыз, ескеріңіз...
Көлік – ерлердің ең сүйікті қажеттілігі. Уақыт өте келе әйел адамдардың да көлікке құмарлығы оянды. Қазір ерлер мен әйелдер арасында көлік жүргізуден «жарыс» өтіп жатыр десек артық айтқандық емес. Дегенмен көлікке дәл қазіргі заманда бірден қол жеткізу оңай емес. Себебі "айлықтан айлыққа дейін" күн көріп отырған қарапайым халық үшін бұл үлкен тәуекел. Ал осы жағдайды пайдалана білген банктер көлікті несиеге беріп келеді. Барасыз, көресіз, сәл ғана төлем жасап, көлікті айдап кете бересіз. Бәрі оңай секілді...
Негізгі сандар мен қысқаша түсінік:
- Көліктің бағасы – 5 510 000 теңге
- Көліктің шыққан жылы – 2015
- Алғашқы төлем – 1 192 710 теңге (20%)
- Несие көрсеткіші – жылдық 4%
- Жылдық белсенді көрсеткіші – 5,4 %
- Төлем уақыты – 48 ай (4 жыл)
- Ай сайынғы төлем – 97 292 теңге
- Үстінен төленетін өсім – 352 726 теңге
- Көліктің жалпы құны – 5 862 726 теңге.
Бәрі тез әрі оңай, керемет секілді көрінді ме?!
Бұл тек сізге егер несиені берген жағдайда ғана шығатын ақпараттар. Себебі көлікті несиеге алу үшін ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Мәселен 30-50 күн арасында ғана сізге жауап келуі мүмкін. Одан бөлек мына қосымша төлмедерді де ескеріңіз:
- Бейресми шығындар – 80 000 теңге
- Көлікті сақтандыру – 12 000 теңге
- Нотариус және өзгеде шығындар – 20 000 теңге
- Көлік салығы – 7 493 теңге
- Алғашқы тіркеу – 113 450 теңге
- Жалпы – 416 243 теңге
Жоғарыдағы сандарға қарап отырып есептеңіз, 5 862 726 теңгеңізге енді 416 243 теңгені қосыңыз 6 278 969 теңгені құрайды.
Көлікті несиеге алу үшін сіз ол несиені төлей алуыңыз керек. Егер ай сайынғы төлем 100 000 теңгені құраса, сіздің айлығыңыз ең аз дегенде 200 000 теңгені құрау керек. Көлікті тек несиеге емес, жинаған ақшаңыз болса аз уақыт ішінде бөліп төлеуге болады. Бұл 3-6 ай аралығында жалғасады.
Көптеген мамандар көлікті несиеге алғаннан гөрі қолма-қол ақшаға сатып алуды ұсынады. Себебі банк ешқашан ұтылмайды. Ол сізді үлкен қарызға кіргізбесе, сіздің жеңіп кетуіңізге мүмкіндік бермейді.