Адам байлыққа жету жолында құлқынның қамын көбірек ойлап, адамдық ардан алшақтап қалады деп жатады. Алайда ақшаны көбірек табумен бірге адамгершілігін жоғалтпауды жадынан шығармайтын адам мұндай олқылыққа орын бермес.
Ақша табу қиын емес, оны сақтап әрі көбейту қиынырақ.
Өзгелердің баюына көмектескен адам өзі де байиды.
Біреуге қарызға ақша берсеңіз, оны ұмытып кетіңіз. Қажет болса өзі қайтарады.
Несие алуды ойыңызға да алмаңыз.
Ақшаңыз қажетіңізді қанағаттандырмаса, қосымша жұмыс іздеңіз. Міндетті түрде табасыз.
Байлығыңызды және табысыңызды айтып мақтанудан аулақ болыңыз.
Ұсақ төлемдерді бірден өтеп тастаңыз.
Әрдайым жаңа табыс көзі туралы ой басыңызда жүрсін.
Адамдар өз жұмысын қадірлемегені, жақсы көрмегені үшін ғана аз ақша табады.
Жоспарламаған нәрсені сатып алмаңыз.
Кез келген кісі миллионер бола алады.
Бәрінен бұрын қарыздарыңызды өтеңіз.
Бір бизнеске ақшаңыздың барлығын бірдей құйып жібермеңіз.
Миллионерлер айтып кеткен кеңестерді жиі оқыңыз.
Байлығыңыздың деңгейі жеке тұлғалық қасиеттеріңізге де байланысты.
Жеке өміріңізді қалыпқа келтіріңіз. Отбасылық мәселелер капитал жиналуына кедергі болады.
Ең бастысы қайырымдылықпен айналысыңыз.