- Негізгі бет
- Егер...
- Жұмысыңызда өсу жоқ...
Жұмысыңызда өсу жоқ болса не істеу керек?
Кез келген жұмыста өсу қарқыны болуы керек. Себебі адам бір орында 30-40 жыл бойына отыра алмайды. Бір компанияда немесе мекемеде осынша уақыт жұмыс жасауы мүмкін, бірақ оның жалақысы немесе жұмыс мансабы өспесе оның ұзаса 4-5 жыл ғана жұмыс жасайтыны анық. Қызметкер үшін ерекшелік болмаса оның да шаршайтыны анық. Не істеу керек?
Нені өзгерткіңіз келеді
Бір орында отырып, бір жұмыста ғана айналдырып, іштей өсу қарқыны байқалмаса, бірден жұмыстан шығуды ойламаңыз. Басшылықпен сөйлесіңіз. Сізге не керек: жұмыстағы өсу әлде жақсы жалақы ма? Осы сұрақтар бойынша тікелей сөйлесіп көріңіз.
Жұмыста жаңа мүмкіндіктерге ие болыңыз
Егер өзіңізді өсу жағынан жоғалтып алсаңыз, басшылықпен бірге көзге түсу үшін ерекше бір жоспар ойлап табыңыз. Пайдасы мен әкелетін нәтижесін көрсетіңіз. Жұмыстың ауқымын қалай кеңейтуге болатынын айтыңыз.
Әріптестерге көмектесіңіз
Жұмыста сізді бірден-бір өсіруші тарап – әріптестер. Себебі олардың мақтауына ие болсаңыз, басшылық сізді өсіруге тырысады. Көшбасшылық қабілетіңізді байқайтын болады.
Жұмыс орныңызды зерттеңіз
Басшылыққа сіздің тек қана қызметкер ретінде жұмыс жасағаныңыз емес, сол мекеме турасында толыққанды ақпарат білгеніңізді қалайды. Жаныңызды беріп істеп, кештер ұйымдастырыңыз.
Басқа бөлімде жұмыс жасап көріңіз
Басқа жұмыс іздегеннен гөрі, сол мекеменің ішіндегі өзіңізге таңсық бір бөлімде жұмыс жасап көріңіз. Бәлкім сіздің өсу мүмкіндігіңіз сол жерде. Бір жағы жаңа орта, жаңа жұмыс жүйесін игересіз.
Жаңа жұмыс іздеңіз
Жоғарыда атап өткен қағидалардың біріне де сай келмесе, онда басқа жұмыс іздеңіз. Себебі сіздің жасаған жақсылыққа жауап болмаса, онда жүрудің қажеті жоқ. Бірақ тағы да бір рет ойланып алыңыз.
М. Ақан