Апат айтып келмейді. Төтенше жағдайға да дайын болу керек. Сақтық шараларын дұрыс ұстанып, қауіпсіздік ережелерін ұмытпаудың мәні зор.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде:
Газды, су мен электр қуатын сөндіру керек. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда тұрған жеріңізде күту керек. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші 5 және одан да жоғары баллды сезсеңіз), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында тұрсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне барыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз – олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Жеделсатыны пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай барыңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және кірмеңіз.
Егер сіз көлікте болсаңыз, дүмпу тоқтағанға дейін көліктен шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері төмендегідей:
* ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
* сынған шынылардың құлауы;
* үзілген электр сымдары;
* пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
* өрт;
Жер сілкінісінен кейін:
- Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
- Қатерге шалдыққандарды үйіндіден арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе. Радиоқабылдағышты қосыңыз.
- Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз. Ашық отты пайдаланбаңыз.
- Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
- Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат мұндай жағдайларда едәуір қауіпті, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.
Ғимараттың құлауы
Аяқасты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы – бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау, ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға көп жағдайда террорлық акт салдары, жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да себеп болады.
Алдын алу іс-шаралары
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекет ету жоспарын алдын ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мүшелерін таныстырыңыз. Оларға кенеттен құлау жағдайында әрекет ету тәртібі мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіз.
Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Улы химикаттар, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз. Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және телефон нөмірі арқылы "Қалалық газ" 104 қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Ғимараттың дәліздерін, саты алаңын, апатты және өрт жолдарын бөгде заттармен бекімеңіз. Ыңғайлы жерде құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалта шамы мен қосалқы батареяларын ұстаңыз.
Егер өрт пайда болса, бірден оны өшіруге тырысыңыз. Телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102 тел.), өрт сөндірушілерді (101 тел.), дәрігерлерді (103 тел.), құтқарушыларды (112 тел.) шақыру үшін пайдаланыңыз. Балконға шықпаңыз. Сіріңкені пайдаланбаңыз, себебі газдың шығу қаупі болуы мүмкін.