- Негізгі бет
- Егер...
- Жалқаулықты бір минутта...
Жалқаулықты бір минутта жеңу
Адамның ойында жүретін арманы мен мақсатында шек жоқ. Ал оны жүзеге асыратын күн қашан туады? Сіз орындаймын деп ойланып жүргенде, басқалар ол істі аяқтап та жатыр. Ойға келген идеяны заттандыруда ниетіңізден артық нәрсенің керегі жоқ.
Ниеттенгеннен кейін бірден әрекетке көшкен жөн. Қалауыңыз бар, бірақ жалқаулық деген көк есек желкеңізге мініп ап, жар бермейді. Қайтпек керек? Оны қалай жеңеміз?
Кез келген іске кірісу үшін бір минут жеткілікті. Қалаған нәрсеңізбен күніне бір минут айналысып тұрыңыз. Бастысы, арада күн құрғатпай қолға алған бір не бірнеше іспен бір мезгілде айналысуды тоқтатпау керек.
Мысалы дене мүсінін қалыпқа келтіру мақсатында жаттығу жасау, билеу, көзді жаттықтыру. Бұл істермен жарты сағат бойы айналысуға ерінесіз бе? Бір-ақ минут айналысыңыз. Уақыт өте келе екі минут, одан соң бес минут... Кішіден үлкенге қарай қадам басу – жеңілірек тиеді.
Біраз уақыттан бері көздеген ісіңізге кірісе алмай, өз өзіңізге ұятты боп жүрсеңіз, енді ризашылық сезімін тудыратын сәт жетті. Өз өзіңізді «жеңімпаз» жариялаңыз. Себебі, өзіңізді жеңдіңіз. Осы мақтаныш сезімі жігеріңізді жанып, ары қарай әрекет ете түсуге мол күш-қуат береді.
Кішкене қадамдар биік шыңдарға жетелейді. Осылай мақсатыңызға қалай жетіп, бар жоспарды орындап қойғаныңызды да білмей қаласыз. Іске сәт!
@. @assel_assanova