- Негізгі бет
- Егер...
- Ит шапса не...
Ит шапса не істеу керек?
Күнделікті өмірде қабаған иттерге кездейсоқ кездесіп қалып жатамыз. Халқымыз жеті қазынаның бірі деп сыйлайды. Өзі үнемі ой үстінде немесе жайдары қалыпта келе жатқан адам иттің ырылдаған үнін ести сала бойында қорқыныштың пайда болатыны анық. Итпен жеке қалдыңыз делік. Одан қалай қорғанамыз? Келесі кеңестеріміз сіз үшін!
Тыныштық сақтауға тырысыңыз
Иттер де басқа жан жануарлар секілді адамның қорыққан бірден сезіп қояды. Әрине, итпен бетпе-бет қалған кезде сабыр сақтау қиын. Өйткені бойыңызды зор қорқыныш билеп алады. Мұндай жағдайда қашуға бірден әрекет жасамаңыз. Өйткені, бұл иттің ашуына тиіп, сізге шабуыл жасауы мүмкін.
Қадамыңызды жайлап басыңыз
Кері қайтып, қадамыңызды бәсеңдеп басыңыз. Бұл жағдайда көзіңізбен айналаңызды мұқият шолып қараңыз. Иттен қаншалықты алыстағаныңызды шамалағанша жай жүріңіз.
Иттің көзіне тіке қарамаңыз
Есіңізде болсын, иттің көзіне ешқашан тіке қарамаңыз. Ит көзіне қараған адамға деген айбатын күшейтеді. Мұндай көзқарас иттің бірінші болып шабуыл жасауына итермелейді. Көзіне қарамаған кезде ғана ол сіздің қауіпті емес екеніңізді сезіп, жөнімен кетеді.
Иттің назарын басқа жаққа аударыңыз
Дәл осындай қауіпті жағдайда қалсаңыз, иттің назарын басқа жаққа аударуға тырысқан жөн. Мәселен, қолыңыздағы затыңызды немесе бас киіміңізді, т.с.с. әйтеуір тістеуге келетін бір затыңызды итке беріңіз. Ол оған алаңдап тұрғанда табаныңызды жалтыратып үлгеруге болады.
"Кет, жоғал!" деп айқалаңыз
Егер ит үруін тоқтатпаса, оған қарай назарыңызды салып, яғни, айқайлап артқа қайтуын бұйырыңыз. Бұл кезде сіздің даусыңыз сенімді әрі қатат түрде шығуы маңызды. Даусыңыздағы сенімділік пен зілді сезінген ит кері шегініп, өз жөнімен кетеді.
Ж. Жұмағұлов