Қысқатолқынды пеште дайындалатын бұл сорпа жігіттер үшін тиімді. Тез әрі сіңімді. Бұршақ сорпасы көп затты да, күшті де қажет етпейді.
Қажетті азық-түліктер:
- 400 грамм консервіленген қызыл үрме бұршақ;
- 400 грамм консервіленген қызанақ;
- 300 грамм шұжық;
- 2 тіс сарымсақ;
- 1 пияз;
- 1 сәбіз;
- 1 тәтті бұрыш;
- дәміне қарай қызыл не қара бұрыш, зира қосамыз.
Дайындалу жолы:
2. Шұжықты шұңғыл ыдысқа салып, 3 минутқа қысқатолқынды пешке саламыз.
3. Туралған пияз, сәбізді ысыған шұжықтың үстіне саламыз. Оны да 3 минутқа қысқатолқынды пешке салып аламыз.
4. Тәтті бұрышты қысқатолқынды пештен алынған ыдысқа салып, араластырамыз. Оны да 1 минутқа пешке қайта саламыз.
5. Пештегі ыдысты алып, тамағымыздың үстіне консервідегі қызанақты саламыз. 2-3 стақан су құямыз. 15 минутқа пешке қоямыз. Әрбір 5 минут сайын сорпаны араластырып отырамыз.
6. Енді үрме бұршақты салып, 2 минут пешке қайта салып, ысытамыз.
7. Сорпаға күнзе немесе ақжелкен салуға да болады.
Дайын лапшаға қарағанда, құнарлырақ екені сөзсіз. Жасап көріңіз, бар-жоғы 25-30 минут жұмсайсыз.