ҚазГидроМеттің болжамы бойынша мамыр айында еліміздің бірқатар жері жауын-шашынға толы. Осы сәттен бастап, көк аспан күңгірттеніп, ашулы мінезін көрсете бастайды. Көкті найзағай шанышқылап, күркірдің даусы денені шымырлатады. Кейбір адамдар табиғаттың осындай мінезінен қатты қорқады. Найзағайдан қорқу психологияда бронтофобия деп аталады. Мұндай қорқыныштан арылу үшін не істеу керек?
1. Найзағай туралы мағлұматтарды оқып шығыңыз. Оның қалай және қайдан пайда болатынын біліп жүріңіз. Осы сәтте энциклопедиялық біліміңіздің көмегі тиеді. Көп мағлұмат жинаған соң, найзағайдан қорықпайтын да боласыз. Рас, жасын түсіп, қайғылы жағдайлар болып жатады. Найзағай электр жақын жерге түсетінін, жасынды күні далада бас киімсіз жүруге болмайтынын біліп жүріңіз.
2. Егер достарыңыз бен жақындарыңыз найзағайдан қорқатын түгі де жоқ десе, айтқандарына сеніңіз. Жасын сізді қорқытқысы келген шу деп түсініңіз.
3. Найзағайдың жарқылынан, қатты күркірден таса жерде отырыңыз. Ол үшін есік-терезені жауып қойыңыз. Тыныш жер тауып, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кітап оқыңыз, кесте тоқыңыз, тамақ пісіңіріз. Ойыңызды алаңдата біліңіз.
4. Елестетіп үйреніңіз. Найзағайдың жарқылын далада болып жатқан ойын-сауықтың жарқылы деп елестетіңіз. Далада көңілді кеш өтіп жатыр деп ойлап, жарқылды жоққа шығары біліңіз.
5. Найзағай кезінде сізді тыныштандыратын әуендерді плей-парақшаңызға жинап қойыңыз. iPod/MP3 плеер немесе компакт-дискіге сүйікті әндеріңізді жазып алыңыз. Мүмкіндік болса, құлаққаппен тыңдаңыз. Есіңізде болсын: музыканың даусын бәсеңдетіп қойыңыз.
6. Сүйікті ойыншығыңызды не жастығыңызды құшақтаңыз. Бұл заттар сізге жайлылық сыйлайды, олардың жанында өзіңізді қауіпсіз сезінесіз.
7. Түннің ортасында далада найзағай ойнап тұрғандықтан ұйықтай алмай жатсаңыз, отбасы мүшелерімен бірге ұйықтауға қысылмаңыз. Қорқынышыңыз үшін ұялудың қажеті жоқ.