Түрлі себептермен жүзігіміз саусағымыздан шешілмей қалып, әуре-сарсаңға салатыны бар. Осындай жағдайда қолымызды сабындап, қажаған терімізді жұмсарта отыра шешіп алатын едік. Ал егер жүзік сабынға да бағынбай, саусағымыздан шешілмей жатса, не істеуге болады? Бұл жағдайда зергерге апарып кестіруге асықпаңыз. Тығырықтан шығу үшін біз сіздерге мынадай кеңес береміз.
Ол үшін сізге тек жіп пен екі-ақ минут уақыт керек. Жіптің бір ұшын жүзігіңіздің астына өткізіңіз. Ал екінші ұшымен саусағыңызды жаймен ораңыз да, шешілмейтіндей етіп түйіп қойыңыз. Бірақ, жіпті саусаққа қатты орамаңыз! Кейін жүзіктің астынан өткізген жіптің ұшын ораған бағытқа қарама-қарсы қимылмен шешіңіз. Сақина да аман, қолыңыз да сау. Олай болса, бұл тәсілді видеодан тәжірибе жүзінде көріңіздер!