- Негізгі бет
- Егер...
- Дарынды көшбасшының қасиеттері...
Дарынды көшбасшының қасиеттері
Әлдекіммен амандасқанда орныңыздан тұрыңыз. Қарсыңыздағы адаммен бойыңыз тең деңгейде тұруы маңызды. Қол алысып амандасқанда бір қолыңыз қалтаңызда тұрмасын. Оған деген құрметіңіз бен өзіңіздің мәдениетіңіз осыдан көрінеді.
Дайындықсыз ештеңе істемеңіз. Ешбір марафонда дайындықсыз жеңіске жетпейсіз, ел алдына сөйлеуге де дайындықсыз шығу аса сәттілік әкелмейді. Өзіңізге сенімді әрі күшті сезіну үшін айна алдында, шағын ортада міндетті түрде бір дайындалыңыз.
Әңгіме барысында басқа нәрсеге ойыңыз ауып кетпесін. Сөз соңында дауысыңызды сәл көтеріп, бас изеп отырыңыз.
Сөйлесіп отырған адамыңыз өзін өте ақылды, тартымды, қызықты сезінетіндей етіңіз.
Үстелге отырғанда дұрыс орын таңдаңыз. Әңгіме қалай өрбуіне бұл да маңызды. Екі адам қарама-қарсы отырса, араларын үстел бөліп тұрады да, пікірлері жөнінінен келіспеушілік туындауы мүмкін. Келеңсіздік тудырмас үшін сұхбаттасушыңыздың жанына отырыңыз.
Шынайы күлу үшін жағымды сәттерді еске алыңыз. Ми шынайылық пен қиялды ажырата алмайды. Айтқан сөзі ұнамаған жағдайда эмоцияңызды жасырғыңыз келсе, басқа нәрсені еске түсіру арқылы шынайы күлімдеңіз.
Жақсы тыңдаушы болыңыз. Сөйлеп отырғанын ден қоя тыңдап отырғаныңызды білдіру үшін пауза жасап, арасында сұрақ қойып отырыңыз.
Маңызды кездесулер алдында серігтерлік іспен айналысқан жақсы көмектеседі. Уақытыңыз бен мүмкіндігіңіз болса, аздап жүгіріп алыңыз. Болмаса көңіл көтерерлік әуен тыңдаңыз. Көтеріңкі көңіл күймен барсаңыз барлығы да ойдағыдай болады.
Адамгершіліктен аттамаңыз. Еліңді соңыңнан ертетін көшбасшы болу үшін тек физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болу жеткіліксіз. Тұлғаға тән ерекше қасиеттерді де игере білу міндетті. Қаныш Сәтбаев секілді аса зерек, Дінмұхамед Қонаев тәрізді өте мейірбан болмасаңыз да, ұқсап баққан жөн. Биліктің біраз биігін бағындырғаннан кейін бірте-бірте адамдықтан алшақтап, адамдармен бұрынғы қарым-қатынасты суыта берсеңіз, жеткен жетістігіңіз бір тиынға татымайды.
@. @assel_assanova