- Негізгі бет
- Егер...
- Бір күнді 100...
Бір күнді 100 бөлікке бөлсек...
Әр күніңізде барлық істі тындыруға мың-ақ минут болса, оны қайда жұмсар едіңіз?
Адамдардың көпшілігі тәулігіне 7-8 сағат ұйықтайды. Демек ояу жүруге 16-17 сағат не шамамен 1000 минут қана қалады.
1000 минутты 10 минуттық 100 бөлік деп қарастырайық. Күн сайын ұйқыдан оянғанда сізде 100 бөлік болады. Енді күн сайын осы әрқайсысы 10 минуттық 100 бөлікті қалай пайдаланып жүргеніңізді еске түсіріңіз.
Оның қанша бөлігі болашағыңызға пайдасын әкеледі, ал қаншасы босқа өтіп кетті? Достарыңызбен араласуға қанша бөлік арнадыңыз, ал жалғыздыққа ше? Қанша уақытты жаңа нәрсе ашуға жұмсайсыз, ал қаншасын мән-мағынасыз жоғалтасыз. Қаншалықты көп бөлікті денеңізге, миыңызға арнайсыз, ал қаншалықты сандалып бос жүресіз? Бір күндегі сүйікті бөлігіңіз қайсысы, ал қай бөліктерді жек көресіз?
Осы бөліктерді тор түрінде елестетіп көрейік. Барлық ісіңізді қалағаныңыздай жоспарлайтын болсаңыз, әр тордағы істі қалай орналастырар едіңіз?
Барлық атқаратын шаруаларыңызды осы жүз бөлікке орналастырып көріңіз. Көлікті үйде жуу үшін 9-10 (90 минут) бөлік құртылады, ал арнайы көлік жуатын орынға апарсаңыз 2 бөлік қана арнайсыз. Күннің 10 бөлігін көлік жууға беруге дайынсыз ба?
Күніне 10 минуттық жаттығу – басқа барлық бөліктің жақсы өтуіне пайдасын тигізеді, оған бір-ақ бөлік қимайсыз ба? Ұйықтар алдында 20 минут кітап оқысаңыз, жылына 15 кітап артығымен оқи аласыз, оған екі-ақ бөлік жетеді.
Интернеттен видео көріп, ойын ойнауды жақсы көресіз бе? Енді оның сізге қаншалық пайда әкелетінін ойлаңыз, қанша бөлікті осы бос іске құртуға болады?
Енді кешегі күн мен бүгінгі күннің торларын салыстырыңыз. Қаншалықты өзгеріс бар? Бір-бірінен айырмашылығы жоқ күндер сізге не береді?..
@. @assel_assanova