Ғылымда фразеологизм деген ұғым бар, яғни бір сөздің орнын ауыстырсаң не алып тастасаң бастапқы ұғымын жоғалтатын тұрақты тіркестер. Сол секілді өмірде де бір бірінсіз мәні жоқ нәрселер бар.
Тәжірибесіз ақыл – Шынайы ақыл көпжылдық өмірлік тәжірибе нәтижесінде жинақталады.
Еңбексіз ақша – Адамдар маңдай терімен келмеген табыстың шынайы дәмін ешқашан сезіне алмайды.
Білімсіз түсінік – Адам бастапқы түсінігі қалыптаспаған ұғым жайында қанша айтылса да толық түсінбейді.
Шегі жоқ билік – Белгілі бір кезеңде аяқталмаған билік ашкөздік пен жемқорлыққа әкеп соғады.
Әділетсіз кәсіп – Қолы мен ары таза емес кәсіпкер түптің түбінде құрдымға ұшырайды.
Сенімі жоқ адалдық – Сенім жоғалған жерден адалдық та бірден табанын жалтыратады. Лайықсыз босла да сеніммен өмір сүру оңайырақ.
Құрбандықсыз жетістік – Жетістік сізді іздемейді, оны өзіңіз табыңыз.
Негіздемесіз саясат – Дәйектеме болмаса, саясат рақымсыз билеушіге айналады.
Жан тыныштығынсыз бақыт – Адамда барлығы дұрыс болған кезде ғана жаны тынышталады, бақыт деген осы.
Соңы жоқ бастау – Ұлы бастаулар өзге бастаулардың соңынан келіп жетеді.