Балаға ақыл айтып тәрбие беруден гөрі оған өзіңіз үлгі болған жақсы. Себебі бала әкесі мен шешесіне қарап тәрбие алады. Олардың істегенін дұрыс деп санайды және соны қайталады. Сондықтан балаға ақшаны былай жұмсау керек деп ақыл айтқаннан гөрі, өзіңізден бастап іспен көрсетіңіз. Ісіңізбен дәлелдеңіз Егер балаңыз ақшаны дұрыс пайдалана білсін десеңіз, экономика тілінде лекция оқудың қажеті жоқ. Өзіңізбен бірге ертіп банкке барыңыз, сол жерден отбасылық қор ашып бәрін түсіндіріп беріңіз. Өсімнің не екенін, не үшін ақшаны жинау керектігін бәрін сөзбен емес, түбіртектегі артық сандар арқылы, олардың қайдан шыққанын бәрін айтып беріңіз. Өзіңіз төлеңіз Бала алғыр келеді. Олар бәрін тез қабылдайды және ойында ұзақ уақытқа сақталып қалады. Кез келген жерде балаңызбен жүрсеңіз төлемді өзіңіз жасаңыз және ақшаның қайда кеткенін айтып түсіндіріңіз. Себебі балаңыз сіз үшін біреудің төлегенін көріп өссе, ол үшін ақша біреуден келетін құндылық секілді елестеуі мүмкін. Банк картасының қалай жұмыс жасайтынын үйретіңіз Бұл не? деп қолыңыздағы банк картасын балаңыз сұрап жатса, кейін білесің деп бетін қайтармаңыз. Сол жерде оның онлай және офлайн түрде қалай жұмыс жасайтынын үйретіңіз. Бала күніне санасына сіңдіре беріңіз. Қаржы мәселесін талдаңыз Ата-аналардың негізгі қателігі осы. Олар баламен үлкен мәселені талқылағанды ұнатпайды немесе оларға бәрі әлі ерте деп ойлайды. Сондықтан ең дұрысы балаға бағаның неге қымбаттайтынын, жеп отырған нанның неге бағасы өсетінін, бәрі түсіндіріп беріңіз. Оның қаржы мәселесіне келген кезде сауатты болуы өте маңызды. Баланың көзінше ақша мәселесімен ұрыспаңыз Балалар үшін ата-анасының ұрысып қалғаны күйзеліске алып келеді. Сондықтан баланың көзінше ақша мәселесі турасында ұрыс шығармаңыз. Бала үшін ақшаның түбі ұрысқа алып келеді деген ой қалыптастырмаңыз.